Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша еріктілермен бірлескен іс-шаралар өткізді
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері "Лидер KZ"жастар қозғалысының мүшелерімен бірлескен профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың басынан еріктілер жастар мен жасөспірімдердің шоғырлану орындарын тексеруге бағытталған 115-тен астам рейдтік іс-шараларға қатысты.
Іс-шаралар барысында 428 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық үшін полицияға жеткізілді, оның ішінде түнгі қараусыз қалғаны үшін - 402, алкоголь ішкені үшін - 14, темекі мен темекі өнімдерін пайдаланғаны үшін – 12 кәмелетке толмаған бар. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар кезінде 25 жағдайда спирттік ішімдіктерді пайдаланудың жолы кесілді.
Сонымен қатар, еріктілер үйден немесе білім беру ұйымдарынан кетіп, жоғалған кәмелетке толмағандарды іздеу шараларына белсенді қатысады. Жыл басынан бері еріктілердің көмегімен 29 жасөспірімнің орналасқан жері анықталды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен бірлесіп 350-ден астам дәрістер мен ақпараттық-түсіндіру әңгімелері өткізілді.
Қоғамдық тәртіпті қорғауға бей-жай қарамайтын азаматтарды тарта отырып, полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жасалған құқық бұзушылықтарға халық арасында "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті, Еріктілерге, жасөспірімдер қылмысына қарсы күрестегі белсенді азаматтық ұстанымы, бастамашылығымен облыс тұрғындарын өңірдегі құқықтық тәртіпті сақтауға үлгі көрсете білгені үшін алғыс білдіреді.
[xfvalue_img]