Конституция күніне орай Respublica партиясы елордалық оқушыларға сый жасады
Respublica партиясының «Білімге қадам» акциясы аясында бүгін партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Шыңғыс Түсіпбаев пен Орталық аппараттың өкілі Ержан Еңсебай елордалық балаларға 50 рюкзак сыйға тартты. Балалардың арасында биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер де болды. Бұл шара Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, акция аясында Астана іргесіндегі Қоянды ауылының балаларына 24 рюкзак табысталды. Бұл отбасылардың үйлерін биылғы көктемде су басып, табиғат тауқыметін тартқан еді. Айта кеткен жөн, бұған дейін Respublica партиясының Астана қалалық филиалы Қоянды ауылында қарғын судан зардап шеккендерге үйлерін қалпына келтіруге қажет деген құрылыс материалдарын беріп, көмек көрсеткен болатын. Бүгін сол отбасылардың балаларына оқу жылын алаңсыз бастауға қажетті рюкзактар мен оқу құралдары сыйға тартылды.
«Білімге қадам» деп аталатын акцияны партияның тең төрағасы Сырымбек Тау бастап, су тасқынынан зардап шеккен 1600 балаға 50 миллион теңге бөлді. Жалпы, акцияны еліміздің 9 өңіріндегі филиалдар қостап, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Сыйлық алып жатқан тарыдай оқушылардың көзіндегі қуаныш пен аналарының алғысы бұл бастаманың маңыздылығының дәлелі. «Бұл сыйлық білім алып, әлемді бағындыруға дайын бала үшін жарқын болашақтың бастауы болсын. Конституция күні құтты болсын!», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Осылайша, қиын жағдайда қалғандарға қолдау көрсететін Respublica партиясы еліміздің білім саласын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастыруда.
[xfvalue_img]