Respublica партиясы Астанада қалалық филиалының төрағасы сайланды
Respublica партиясының Астанада қалалық филиалының төрағасы болып Шыңғыс Түсіпбаев сайланды. Ол 1987 жылы дниеге келген. Оның маркетинг, қоғаммен байланыс және мәдени және спорттық іс-шараларды басқару саласында мол тәжірибесі бар.
Ш. Түсіпбаев өзінің еңбек жолын «Құқықтық қорғау және ақпарат орталығы» ЖШС-де халықаралық қатынастар бойынша сарапшы ретінде бастады. Сондай-ақ, Астана қаласының кәсіби баскетбол клубтарында маркетинг, PR және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқан.
Ол мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын ивент-агенттік құрып, білімін Халықаралық қатынастар мен құқықтану саласында Оңтүстік Корея және Босния мен Герцеговинада толықтырды. Бірнеше шетел тілін меңгерген, қоғамдық шараларға белсене қатысып, ірі халықаралық компанияларда мол тәжірибе жинақтаған.
Енді Шыңғыс Мұратұлы Түсіпбаев Respublica партиясының елордалық филиалын басшысы боп сайлануымен құттықтаймыз.
[xfvalue_img]