Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары Солтүстік Қазақстан облысына 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Апатқа ұшыраған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолдау үшін Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев осындай қиын сәттерде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
«Қоғам мен мемлекеттің әртүрлі деңгейде жұмылуы қиындықтарды жеңудің және табиғи апаттардан кейін қоғамды қалпына келтірудің кілті болып табылады. Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен және «Атамекен» ӨКП қалалық филиалымен бірге ұйымдасып, Солтүстік Қазақстан облысының әріптестерімен байланысып, депутаттардың 10 миллион теңге жеке қаражатына қажетті заттарды сатып алдық. Еліміздің бірқатар өңірлерінде апаттар басталған сәттен бастап Мәслихатта ұсынылған партиялардың фракциялары мен депутаттар компаниялары да жан-жақты қолдау көрсетуде», - деді Мейіржан Отыншиев.
Мәселен, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы фракциясының мүшелері су басқан үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін қорларға қаражат аударып, азық-түлікке, дәрі-дәрмектерге, арнайы техника мен құрылыс материалдарын қоса алғанда 600 миллион теңге сомасына түрлі көмек түрлерін жіберді. «Respublica» партиясының депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жалпы сомасы 80 миллион теңгеге 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Ал «Қазақстан Халық партиясы» және «Байтақ» фракциясының мүшелері азық-түлік тауарларын, арнайы киімдерді, гигиеналық құралдарды және т.б. қоса алғанда, тиісінше 150 миллион және 90 миллионнан астам көмек көрсетті.
Фурамен бірге жіберілген гуманитарлық көмек зардап шеккендер қажеттіліктерінің кең ауқымын қамтыды. Көмек тізіміндегі қажетті заттардың қатарына тамақ, ауыз су, матрастар, газ плиталары, төсек-орын жабдықтары, моторлы қайықтар, құтқару кеудешелері, қаптар, қалта мен қол шамдардың әр түрлерін, рациялар, резеңке комбинезондар мен етіктер, қолғаптар және т.б. кіреді.
«Сондай-ақ, Kusto Home компаниясын басқаратын депутатымыз Мұрат Өтемісов зардап шеккен өңірлерге барып, көмек көрсетуге және салдарды жоюға 400 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу туралы жариялағанын атап өткім келеді. Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында көмек көрсетілуде. Бұл қолдауды қажет ететіндер үшін және соңғы апаттардан кейін өңірлердің тез қалпына келуіне ықпал етеді деп үміттенеміз»,-деп түйіндеді Мәслихат төрағасы.
[xfvalue_img]