#ГидПоКазахстану: TikTok "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясымен бірлесіп саяхат туралы үздік бейнелер байқауын бастады
TikTok #ГидПоКазахстану жобасының жаңа кезеңін іске қосты, оның шеңберінде пайдаланушылар ел бойынша саяхаттар туралы шығармашылық бейнероликтер байқауына қатыса алады. Үш номинация бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға - Ақтау мен Түркістандағы қонақүйлерде демалу мүмкіндігіне және Шымбұлақ тау курортындағы шаңғы ски-пасстарға ие болады. Байқау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясының қолдауымен өтеді.
TikTok оның арқасында Қазақстандағы пайдаланушылар өз ой-өрістерін кеңейте алатын, туған елінде де, ғаламшардың ең шалғай бұрыштарында да ең әдемі және қызықты жерлер туралы біле алатын, айналадағы әлемді ашатын және саяхаттауға шабыт алатын платформаға айналды. Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі елдің туристік әлеуетін дамыту үшін TikTok платформасының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.
Еліміздегі алғашқы TikTok туристік жобасы "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясының қолдауымен өткен #TravelKazakhstan бастамасы болды, оның аясында Қазақстан бойынша ең үздік жазғы туристік бағыттар туралы 3,5 мыңнан астам бейнеролик жасалды. Жобаның аясында кәсіби гидтер танымал креаторлармен бірге Қазақстан бойынша экскурсиялар өткізді, ал пайдаланушылар туған қалаларында өздерінің сүйікті орындарымен бөлісті.
Бұл ынтымақтастық тамаша нәтиже көрсетіп, одан да ауқымды бастама – #ГидПоКазахстану жобасына айналды. Жобаның тегіне сәйкес қазіргі уақытта 5 мыңға жуық ролик жарияланды. Өз бейнелерінде қазақстандық пайдаланушылар Қазақстанның ең қызықты жерлері туралы - 10 жылдан астам уақыт бойы қаланың жаңа орталығында салынып жатқан Шымкент қаласының ең ірі мешіті туралы; Түркістан облысындағы Бәйдібек үңгірі немесе "Айдаһар ұясы" деп аталатын жұмбақ үңгір туралы; Шығыс Қазақстан бойынша көркем саяхат және өз Отанының басқа да көптеген сұлулықтары туралы баяндап береді.
"TikTok енді тек ойын — сауық контентіне арналған платформа болуын тоқтатты-ол біздің елдің имиджін ілгерілетудің қуатты құралына айналды. Күн сайын бұл желі жастарды ғана емес, ересек аудиторияны да тартуда, бұл Қазақстанды танымал ету үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Біз TikTok-пен серіктестік жасағанымызға қуаныштымыз және бұл біздің туристік әлеуетіміз бен мәдени мұрамызды халықаралық аренада тиімді дамытуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", - деді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
TikTok қазақстандықтарды өз елінің сұлулығын бүкіл әлемге көрсетуге және ішкі туризмге назар аударуға ұмтылуда қолдауын жалғастыруда. Kazakh Tourism және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен серіктестікте платформа #ГидПоКазахстану жобасы шеңберінде шығармашылық жарысты бастайды.
Жаңа кезең аясында елдің түкпір-түкпірінен мәдени және туристік институттар танымдық көнтентпен бөлісуін жалғастырады, ал TikTok пайдаланушылары арнайы байқауға қатыса алады. Ол үшін 22 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында үш тақырыптың бірі: қызықты орындар, тамақ және мәдениет бойынша #ГидПоКазахстану хэштегімен және өз өңірінің хэштегімен 1 минуттан астам ұзақтығы бар бейне жариялау қажет. Жобаны TikTok-тағы танымал контент жасаушылар @mbainazarov, @travelove100, @nurqojadua қолдайтын болады.
Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз: қараған, пікір жазған және ұнаған, пайдаланушылар ең көп өзара әрекеттескен ең креативті бейнелердің авторлары таңдалады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады:
- 1 орын - Rixos Water World Aktau қонақ үйінде екі адамға үш түн, оған қосымша KOMPAS Touroperator-дан авиа билеттерін ұсынады
- 2 орын - Karavansaray (Түркістан) қонақ үйінде екі адамға екі түн
- 3 орын - Шымбұлақ тау курортына екі ски-пассы
#ГидПоКазахстану арқасында әркім өз жаңалықтарымен бөлісе алады, өзінің өңірінің сұлулығын бүкіл әлемге көрсете отырып, туған өлкесін танымал етуге үлес қоса алады, тіпті өзінің шағын саяхатын ұтып ала алады.
TikTok туралы
TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.
[xfvalue_img]