She’s Next бастамасының үшінші толқыны аясында ашық дауыс беру басталды

She’s Next бастамасының үшінші толқыны аясында ашық дауыс беру басталды

  • She's Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасы еліміздің барлық өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған;
  • Төрт жеңімпаз жалпы сомасы 20 млн теңгеге өз бизнесін дамытуға гранттар алады.

Алматы, 2024 жылғы 7 тамыз - Visa және Halyk Қазақстанда She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасы аясында ашық дауыс берудің басталғанын жариялады. Ең көп дауыс жинаған екі қатысушы ("Қолданыстағы бизнес" және "Бастаушы бизнес" санаттарынан) "Халық таңдауы"номинациясы бойынша әрқайсысы 3 млн теңге көлемінде грант алады.

Жобалары Ашық онлайн дауыс беруге қатысатын, 1200-ден астам бизнес-жоспардың ішінен іріктелген 12 финалист She's Next сараптамалық комиссиясының іріктеуінен өтті.

"Біздің банк жыл сайын Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіпкерлерге несиелендірудің жеңілдетілген бағдарламаларын ұсынып, банктің бастамалары аясында да, серіктестеріміздің бастамалары аясында да қолдау көрсетіп келеді. Бұл елімізде әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі табысты дамыту үшін сенімді іргетас құрылып жатқанын білдіреді. Мысалы, биыл She's Next бастамасына қатысу үшін 15000-нан аса әйел тіркелді және бұл қатысушылар саны 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскенін дәлелдейді. Біз кәсіпкерлердің сұранысы қаншалықты жоғары екенін және бұл бағдарлама оларға қандай мотивация беретінін көріп отырмыз. Қатысушылар санының әсерлі өсуі елімізде өз күшімен және өз идеяларының арқасында ер адамдардың қызметі саласында табысты жұмыс істей алатын көптеген өршіл және ерекше қыз-келіншектердің баршылығын көрсетеді. Біз Halyk-тан берілетін жеңілдетілген қаржыландыру және бизнесті дамытуға арналған гранттар осы бастаманың барлық қатысушысы үшін үлкен жетістіктерге жету жолында тамаша бастама болатынына сенімдіміз. Іріктеу кезеңдерінен өткен барлық финалиске алдағы халықтық дауыс беру кезеңінде және She's Next Pitch Day шарасында сәттілік тілеймін", - деді Halyk басшысы Үміт Шаяхметова.

"Бүгін біз She's Next бастамасы аясында тағы бір маңызды кезеңнің – 12 финалист арасында ашық халықтық дауыс беру басталғанын жариялаймыз, оның нәтижелері бойынша екі санаттағы жеңімпаздар өз бизнестерін кеңейтуге көмектесетін гранттар алады. Бастаманың үшінші толқыны іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін біз Қазақстанның 8 қаласында She’s Next Day іс-шараларын өткіздік. Оларға 500-ден астам кәсіпкер келді, ал елдің түкпір-түкпірінен 15000-нан астам қыз-келіншектер She's Next, Empowered by Visa шарасына тіркелді. Бұл абсолютті рекордқа айналды және Орталық Азиядағы бастаманың алдыңғы екі толқынына қатысушылардың жалпы санынан асып түсті", – дейді Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

Кез келген адам "Халық таңдауы" номинациясы бойынша финалистерге дауыс беріп, https://shesnext.kz/voting сілтемесі бойынша She's Next платформасында жеңімпаздарды таңдай алады. Дауыс беру 11 тамызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, барлық 12 финалист Алматыда өтетін She's Next Pitch Day финалдық іс – шарасына шақырылады, оның аясында қазылар алқасы алдында екі санаттағы 12 жоба питчингі, сондай-ақ негізгі номинация бойынша жеңімпаздарды жариялау және марапаттау өтеді. Әр санаттағы жеңімпаз 7 млн теңгеден алады.

She's Next  жобасын "ASMAR" Қазақстан кәсіпкерлері әйелдерінің ұлттық қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі қолдады. Биылғы жылы бағдарлама Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

###

Visa туралы ақпарат                                                                                                                                                                                

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/ru_KZ  сайтында.

Halyk Bank туралы ақпарат                                                                                                                                                                                                   

Halyk Bank - Қазақстанның ірі жүйе құраушы банкі. Банктің 15,5 трлн теңгеден аса активі бар және республика бойынша клиенттердің ең ірі базасына ие. Сондай-ақ, банк - 570 филиалдан тұратын филиалдық желісі мен бөлімшелері бар республикадағы жетекші кредиттік ұйым. Оған қоса, банктің Грузия мен Өзбекстанда бөлімшелері бар.

Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды: банкте осымен алтыншы жыл өзінің жеке бағдарламасы іске асырылып жатыр, соның арқасында 550-ге жуық кәсіпкер жалпы көлемі 6 млрд теңге құрайтын жеңілдікті кредиттер алды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив