Жақында мектеп басталады немесе жаңа оқу жылында ғылымды қалай ойнап жүріп меңгеруге болады

Жақында мектеп басталады немесе жаңа оқу жылында ғылымды қалай ойнап жүріп меңгеруге болады

PRO.NRG Fest Қазақстандағы білім саласындағы инновацияларға жол ашатын алаңға айналды

Қостанай облысы, Жітіқара қаласындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Алина Әлімбаева мұғалімдерге арналған инновациялық менеджмент бағдарламасының авторы, химия және биология пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, @budni_zaucha арнасының авторы.

Сонымен қатар «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылған Caravan of Knowledge білім беру ұйымының бағдарламаларының алғашқы әрі белсенді жолын қуушыларының бірі.

Ол 21 қыркүйекте Астанада өтетін PRO.NRG.Fest 2024 ғылыми-көпшілік фестивалінде мұғалімдермен және ата-аналармен ойын техникасының көмегімен мектепті балалар бар ынта-құлшынысымен баратын орынға қалай айналдыруға болатыны туралы бөліседі.

 

— Алина Қажырахымқызы, Сіз 21 қыркүйекте Астанада өтетін PRO.NRG.Fest 24 ғылыми-көпшілік фестивалінде сөз сөйлейтін спикерлердің бірісіз. Құпияны аша аласыз ба — не туралы айтатын боласыз?

— Мен оқытуға көмектесетін ойындар туралы айтатын боламын.

Балалар ойнаған кезде жүздері қалай бал-бұл жанатынын байқадыңыз ба? Ойын қуаныш пен қызығушылық қалыптастырады, олар өз кезегінде оқуға деген мотивацияға жақсы әсер етеді. Мен ойындар арқылы сабақты қызықты әрі тиімді ету туралы практикалық кеңестермен бөлісемін. Ойындарды қалай таңдау керек, оларды белгілі бір тақырыпқа қалай бейімдеу керек, сабақта ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау, шығармашылық, тіл табыса білу және ынтымақтастық сияқты маңызды дағдыларын дамытуға қалай септесуге болатыны туралы сөйлесеміз.

Мысалы, бәрі отбасылық «Мен кіммін?» үстел ойынын біледі, бірақ оны сабақта балалармен ойнауға әбден болады, ал карточкаларға терминдерді, формулаларды, күндерді немесе, мысалы, химиялық элементтердің формулаларын жазуға болады. Оқушылар негізгі ақпаратты қуана әрі емін-еркін қайталайды. Немесе, мысалы, оқулық бойынша жарыс ұйымдастыруға  болады, яғни топтарға бөлінген балалар қысқа уақыт ішінде оқулық бойынша негізгі қысқаша мәліметпен өз бетінше танысып шыға алады.

Тәжірибе көрсеткендей, ойын арқылы оқыту әдістері балалардың мотивациясын арттырып қана қоймай, сонымен қатар материалды тереңірек меңгеруге көмектеседі. Осылайша химия және биология сабақтарына ойын элементтерін енгізу арқылы балалардың әртүрлі жобалар мен зерттеулерге қатыса отырып, алған білімдерін іс жүзінде сенімді қолдана бастағанын байқадым.

— Мұғалімдердің жазғы демалысы әлдеқашан бітті, жаңа оқу жылына дайындалып жатыр. Жазда оқушыларсыз жұмыс істеу қиын болған шығар? Оқу жылы ресми басталғанға дейін-ақ жұмыстан қажып, кәсіби тұрғыдан күйіп кетпес үшін мұғалім не істеуі керек? Қазіргі мектептерде осы жағынан қандай инновациялар шықты?

— Иә, дәл солай, мұғалімдер үшін жаз тек демалыс емес, жаңа оқу жылына белсенді дайындық. Қиын деп айтпас едім, өйткені өткен оқу жылындағы жұмысты саралайтын, жаңа оқу жылына жоспар құратын кез ғой.

Мұғалімдер іс-әрекет түрін өзгертіп тұру тек сабақта ғана емес, балалар үшін де маңызды екенін біледі. Сондықтан бір-бірімен кәсіби қарым-қатынасқа көбірек уақыты болатыны жақсы көмектеседі, ондай қарым-қатынас кейде оқу жылының қызған шағында жеткіліксіз болады, өйткенің әріптестердің кестелері, жұмыс жүктемелері және т.б. әртүрлі болады. Сонда кезде күйіп кетудің алдын алудың тамаша шешімі — әріптестермен бейресми кездесулер, тимбилдингтер және бірлесіп жобалау шаралары.

— Қазіргі заманғы мұғалім қандай болуы керек? Оқу саласында қандай үрдістер (трендтер) бар?

— Қазіргі заманғы мұғалім өз пәнінің білгір маманы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін тәлімгер. Ол сыныпта әрбір бала өзін жайлы сезінетін сенім мен ынтымақтастық атмосферасын құра білуі керек. Оқу саласындағы маңызды тренд soft skills дамыту болып табылады, олар: коммуникация, шығармашылық, эмоциялық интеллект. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушыларға өмірде пайдасы тиетін осындай маңызды қасиеттерді дамытуға көмектесуі керек. 

— Ұзақ демалыстан кейін оқу жылы басталғанда балалар оқу материалын ұмытып қалуы мүмкін, жалпы қайтадан оқуға дағдылануы қиынға соғады. Балаға мектеп өміріне жұмсақ әрі жайлы оралуға қалай көмектесуге болады?

— Баланы демалыстан кейін оқуға қызықтыру үшін қызықты тапсырмалар немесе жобаларды өзіне таңдатуға болады. Мысалы, оған баяндама немесе шығармашылық тапсырма үшін тақырып таңдауға рұқсат етіңіз. Сондай-ақ оқу процесін қызықты ойынға айналдыра отырып, бірлескен оқуды ұйымдастыруға болады. Балаға оқу тек міндет емес, сонымен қатар жаңалық ашу, даму мүмкіндігі екенін көрсету маңызды.

— Олар қандай — зумер балалар? Оқуды ұната ма, өмірден не күтеді?

— Зумерлер — бірегей ұрпақ. Бір жағынан, шығармашылыққа өте жақын, жаңа нәрселерге ашық, өзгерістерге тез бейімделе алады. Екінші жағынан, сынға сезімтал және қолдауға мұқтаж болуы мүмкін.

Оқуда ынтымақтастықты, ұжымдық жұмысты және өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігін бағалайды. Өздерін айналадағылар тыңдаса, құлақ асса дейді, өздерінің пікірі маңызды екенін сезінгісі келеді. Өмірден тұрақтылықты, қауіпсіздікті және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату мүмкіндігін күтеді.

— Кіммен тіл табысу оңай — балалармен ме, әлде ата-аналарымен ме?

— Балалармен де, ата-аналармен де қарым-қатынаста өз індік ерекше тұстары бар. Эмоциялық деңгейде балалармен тіл табысу оңайырақ, бірақ абстрактілі ойлауды қажет ететін кейбір нәрселерді түсіндіру қиынырақ. Ата-аналармен, керісінше, қиынырақ тақырыптарды талқылауға болады, бірақ кейде олардың өз сенімдері мен тәжірибелеріне байланысты кедергілер туындайды. Жасына қарамастан, әр адамның тілің табу маңызды деп есептеймін.

Буллинг мен кибермоббингті барынша азайту үшін мектепте қалай жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыруға болады?

— Буллинг мәселесін шешудің кілті — мектепте ұйымшыл қоғамдастық құру, онда әрбір оқушы өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінуі тиіс. Бұған өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар, іс-шаралар, сынып сағаттары арқылы қол жеткізуге болады.

Жұмыстың жаңа форматтарын қолдануға назар аудару керек: дебат, қызықты адамдармен әңгімелесу немесе кейстерді талдау ересек адамның ақыл үйреткенін тыңдаудан әлдеқайда тиімді болады. Сондай-ақ балаларда эмпатия, төзімділік және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту маңызды. Сонда мектеп бала емін-еркін білім алатын және құрдастарымен рахаттана араласатын орынға айналуы мүмкін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив