Visa және Halyk Қазақстандағы  She’s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

  • «Қолданыстағы бизнес» санатындағы жеңімпаз – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру мектебінің иесі Меруерт Юсупова
  • «Бастаушы бизнес» санатында Botaqan жобасының авторы Жанна Қазақбаева жеңімпаз атанды

 

Алматы, 2024 жылғы 16 тамыз — 15 тамыз күні Алматыда She's Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының соңғы кезеңі болған She’s Next Pitch Day іс-шарасы өтті. Финалистер қазылар алқасының алдында өздерінің бизнес-идеялары мен жоспарларын таныстырды, содан кейін үздік екі жоба ("Қолданыстағы бизнес" санатында біреу және "Бастаушы бизнес" санатында біреу) анықталды.

 

Марапаттау рәсімінде жобаның негізгі номинациясы бойынша Visa компаниясынан әрқайсысы 7 миллион теңге көлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан* 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болған екі жеңімпаз жарияланды.

 

«Бастаушы бизнес» санатында бастаманың жеңімпазы болып Botaqan жобасының авторы Жанна Қазақбаева атанды. Бұл жоба – ерте жастан бастап балалардың даму кезеңдерін қолдауға арналған ойын жиынтықтарын жеткізетін жазылым қызметін ұсынатын қосымша. Монтессори техникасынан шабыт алған ойыншықтар мен сабақтарды балалардың когнитивті, моторлы және сенсорлық дағдыларды дамыту мақсатында сарапшылар таңдайды. Әрбір жинақ белгілі бір жасқа бейімделген және ата-аналарға арналған баласының оқу процесін түсіну және жақсарту үшін жоғары сапалы, экологиялық таза ойыншықтар, кітаптар және нұсқаулықтарды қамтиды.

 

«Қолданыстағы бизнес» санатында бастаманың жеңімпазы – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру мектебінің жобасының авторы Меруерт Юсупова. Бұл мектепте 6-17 жастағы балалар ағылшын және қазақ тілдерін, бағдарламалауды үйренеді, сондай-ақ ҰБТ және IELTS тестіне дайындала алады. Меруерттің командасы нашар көретін балаларға арналған бірегей оқыту әдісін әзірледі. Әдетте, көру қабілеті нашар балалар мектепті бітіргеннен кейін массаж терапевт мамандықтарын таңдайды немесе спортпен айналысады. Алайда, Меруерт ұйымдастырған жобаның арқасында аудармашы, бағдарламашы болуды немесе басқа мамандық алып, шетелдік жоғары оқу орнына түсуді армандайтындар осындай мүмкіндікке ие болады.

 

Сондай-ақ, She's Next Pitch Day аясында «Халық таңдауы» номинациясында жобалары ең көп дауыс жинаған екі кәсіпкер марапатталды. Олар Visa-дан 3 миллион теңге көлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан* 30 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болды.

 

«Бастаушы бизнес» санатында Жансая Ахметсадық «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды. Оның бизнес-идеясы – балалардың эмоционалды интеллектісін дамытуға бағытталған қазақ тіліндегі кітап жасау және басып шығару. Бұл жоба балалар мен олардың ата-аналарына өз сезімдерін жақсы түсінуге және білдіруге көмектесу ниетінен туындады, бұл өз кезегінде өмір сапасы мен жалпы әл-ауқаттың жақсаруына ықпал етеді. Жансаяның кітаптары ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалды байланысты нығайтуға ықпал ететін бірлесіп оқуға арналған. Осы кітаптар арқылы эмоционалды сауаттылық дағдыларын дамыту балалардың өмірдің әртүрлі аспектілеріндегі болашақ жетістіктері үшін маңызды негіз болады.

 

«Қолданыстағы бизнес» санатындағы «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы Марина Мұқанова өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін сары май өндірудің дәстүрлі әдістеріне негізделген жоғары сапалы экологиялық таза сары майды өндіру және сату жобасын ұсынды. Марина сапалы сүт өнімдеріне сұраныстың артуын және жергілікті нарықта теңдес аналогтардың жоқтығын ескере отырып, өз бизнесінің жоғары әлеуетіне сенеді. Өнімнің басты артықшылығы – жартылай фабрикаттар мен қоспаларды пайдаланбай, тек сүт пен табиғи ингредиенттерді қолдануы. Бұл өнімнің дәмі мен тұтынушылардың денсаулығына оң әсер етеді.

 

"Бірінші кезекте, Halyk басшылығының атынан барлық финалистерді көптен күткен финалға жету жолындағы барлық іріктеу кезеңдерін сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Өр жобаларын таныстырған өршіл кәсіпкерлердің осындай ұзақ жолды өте алғанын байқап, біз әйелдер кәсіпкерлігінің жылдан жылға қарқынды өсіп келе жатқанына қуана қараймыз. Visa мен Halyk бірлесіп ұйымдастырған She’s Next сияқты жобалардың арқасында Қазақстан әйелдерінің өз ісін алғашқы қадамдарынан бастап көтеруге мүмкіндіктері артып келеді. Біз кәсіпкерлердің сұранысы қаншалықты жоғары екенін, бұл бағдарлама оларға қандай мотивация беретінін көреміз. Өзіміз Банк ретінде кәсіпкер әйелдер үшін жеңілдетілген қаржыландыруды белсенді түрде ұсынып отырмыз: алты жыл бойы банктың өз бағдарламасы іске асырылуда, соның арқасында 550-ге жуық кәсіпкер жалпы көлемі 6 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген несие алды. Бұл өте маңызды көрсеткіш болғанымен, мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері үшін кемелдікке шек жоқ екеніне сенімдімін",- деп атап өтті Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос.

 

"Біз Қазақстандағы She's Next бастамасының үшінші толқынын керемет нәтижемен аяқтадық. Көптен күткен финал өтті, онда әр түрлі аймақтардан келген 12 финалисттің ішінен жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар таңғажайып жетістіктер мен шабыттандыратын кейстерді ұсынып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде әйелдердің өз бизнесін қаншалықты табысты дамытып жатқанын көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл бастамаға 15 000-нан астам қазақстандық кәсіпкер қатысты. Бүгін біз табысқа ұмтылатындардың барлығына үлгі болатын табандылығы зор кәсіпкерлерді қуана құттықтаймыз. Біздің серіктесіміз Halyk-қа алғыс айтқым келеді, соның арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткізе алдық. Сондай-ақ, «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің Ұлттық қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Жаңа толқында кездескенше!", – деп қорытындылады Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

 

Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерінің 49%-ы әйелдерге тиесілі, бұл кәсіпорындардың жалпы санының жартысына жуығын құрайды. Әдетте, әйелдер кәсіпкерлігі бойынша көшбасшылар болып Алматы мен Астана есептелінеді, ал өңірлер арасында Түркістан облысы, одан кейін Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары көш бастап тұр. 12 финалистің арасында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлер болды, бұл еліміздегі әйелдер бизнесінің алуандылығы мен әлеуетін дәлелдейді.

 

Жобаларды қорғау мен жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттаудан бөлек, іс-шара қонақтары «паблик-токқа» қатысты. Оның аясында белгілі кәсіпкерлер: Маржан Өтеген, Инна Апенко және Жұлдыз Кожаканова спикер ретінде сөз сөйледі. Олар өздерінің шабыттандыратын сәттілік оқиғаларын айтып берді, мақсаттарына жету жолында кездескен қиындықтар мен оларды қалай жеңгендері туралы айтты.

 

Естеріңізге сала кетейік, She's Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқыны осы жылдың 29 ақпанында басталды. Жобаға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 000-нан астам кәсіпкер тіркелді. She' s Next Day іс-шараларына сегіз қалада 500-ден астам кәсіпкер әйел қатысты. Сондай-ақ, бастамаға қатысушылар білім беру бағдарламасы, тестілеу, сараптамалық комиссиясының бизнес-жоспарларды бағалауы, сондай-ақ "Халық таңдауы" номинациясы бойынша ашық дауыс беру және She' s Next Pitch Day финалынан өтті. Әр кезең қатысушылардың жоғары белсенділік деңгейін және өз ісін дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.

 

* қарыз банктің ішкі саясатына сәйкес қаралады және шешім жеке қабылданады.

 

###

 

Visa туралы ақпарат                                                                                                                                                                               

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/ru_KZ  сайтында.

 

Halyk Bank туралы ақпарат                                                                                                                                                                                                        

Halyk Bank - Қазақстанның ірі жүйе құраушы банкі. Банктің 15,5 трлн теңгеден аса активі бар және республика бойынша клиенттердің ең ірі базасына ие. Сондай-ақ, банк - 570 филиалдан тұратын филиалдық желісі мен бөлімшелері бар республикадағы жетекші кредиттік ұйым. Оған қоса, банктің Грузия мен Өзбекстанда бөлімшелері бар.

Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды: банкте осымен алтыншы жыл өзінің жеке бағдарламасы іске асырылып жатыр, соның арқасында 550-ге жуық кәсіпкер жалпы көлемі 6 млрд теңге құрайтын жеңілдікті кредиттер алды.

 

БАҚ сұраулары үшін:

Данил Павленко

Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі аға менеджері

dpavlenk@visa.com  

 

Әсел Оразбаева

Halyk Bank баспасөз қызметінің басшысы

AselOr2@halykbank.kz  

 

Дания Утеева

Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз қызметі

PBN Central Asia

Тел.: +7 778 555 4124

daniya.uteyeva@pbnca.kz

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.