Ана құдыреті - болмысымыздың үміті

Ана құдыреті - болмысымыздың үміті

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман...                                               

                                                                                         Қорқыт ата

Осы тақырыптың ой-пайымын тарқатудың алдында мәні астарлы болғанымен, бірақ, бір қарағанда қарапайым көрінетін, көлемі қысқаша мына тарихи мысқыл кейпіндегі мысалға жол беру дұрыс деген ойдамын. Сонымен, бұл оқиға мызғымастай болған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (КСРО) 1960-70 жылдары болыпты-мыс. Ауызға жиі ілініп жүрген белгілі кейіпкер Рабинович ОВИР (виза және тіркеу істері қызетінің аббревиатурасы) бөлімшесіне  Израильге кетуге рұқсат сұрау үшін келді. Олар тіксіне-жақтырмай одан: - Неге? - деген сауал қояды. Ол былай жауап береді: -Ежелгі Мысырда перғауындар мен еврейлер болды. Перғауындар еврейлердің кетуіне рұқсат бермей, оларды тірідей қолтырауындарға жем еткен. Перғауындар мен Ежелгі Египет қазір қайда? Жоқ, ал еврейлер бар. Ежелгі Римде императорлар және еврейлер болды. Императорлар еврейлерді елінен қуып, оларды арыстандарға талатты. Ежелгі Рим және оның императорлары қазір қайда? Ал еврейлер бар. Орта ғасырларда инквизиция еврейлерді тірідей өртеді. Қазір инквизиция қайда? Ал еврейлер бар. 19-20 ғасырларда патшалық Ресейде патшалар «погромдар» (еврейлердің мүлікін қиратумен, тонаумен және жаппай қырумен қатар жүретін реакциялық-шовинистік әрекет) ұйымдастырды. Патшалар қазір қайда? Ал еврейлер бар. 20 ғасырда Гитлер мен нацистер еврейлерді газ камераларында өртеді. Гитлер мен Үшінші Рейх қазір қайда? Ал еврейлер бар. Қазір Кеңес өкіметі бар, еврейлер бар... Шошынған КГБ офицері: -Ей, сен сандырақтап нені меңзеп тұрсың, хайуаннұсқын жебрей?!! Рабинович: - Мен ештеңені меңзеп тұрған жоқпын. Мен жай ғана ұсыныс жасап тұрмын – біз, еврейлер, «Кеңестер елінен» тезірек кеткеніміз жөн-ау осы...». Еврейлердің қатысы болды ма, жоқ па, әйтеуір жыйрма жылдай өткеннен кейін «Кеңестер одағы» құлдырап-ыдырып, жоқ болды, ал оның орнына тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Аталған мысалдың астарындағы сыр - мыңдаған жылдар бойы еврейлер басқа ұлттар тарапынан жойқын да қатаң қыспақ көрсе де, мүлдем із-түссіз жоғалып кетпей, өздерінің ұлттық құндылықтары мен табиғи қасиеттерін сақтап келетіндігінде. Онымен қоса, еврейлердің әлемдік өркениетке қосқан құндылықтары айырықша екені аян. Мысалы, 2020 жылы еврейлер алты номинация бойынша төрт Нобель сыйлығын жеңіп алды: физика, экономика, әдебиет және медицина. Қазір  әлемдегі ең беделді сыйлық лауреаттарының төрттен бір бөлігін еврейлер құрайды – 22,5%. Бұл көрсеткіш олардың жер бетіндегі халықтардың  шамамен 0,2 пайызын ғана құрағанына қарамастан жеткен айтарлықтай жетістіктері. Бүкіл әлемде миллиондаған жоғары білімді адамдар бар болса да, бұл әлемдік байқаудың басым бөлігін еврей ғалымдары жеңіп алды. Осылайша, барлық халықтардың ішінде әлемге Нобель сыйлығының лауреаттарын ғана емес, сонымен қатар құнды жаңалықтарды (пайызбен есептегенде) ең көп берген еврейлер болдып табылады. Қазірде табиғи ресурстары тапшы, жері шөлейт, қутаң орналасқан өңірге қарамастан және  өзін жау деп санайтын қоршаған елдер арасында құрылған Израиль осы күні пәрменді стартаптар өлкесіне айналды. Ал әр кезеңдерде әлемді дүрсілкіндірген өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарды берген ең белгілі еврейлердің қысқаша тізімі мынадай: Физик Альберт Эйнштейн - адамзаттың ғаламға деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен салыстырмалылық теориясының авторы; Карл Маркс - бүгінгі күнге дейін әлемдік тарихтағы ең ықпалды саяси философ болып табылады; Нильс Бор - қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі, атом ядросы және атомдық реакциялар саласында көптеген жаңалықтар ашқан; Норберт Винер – «кибернетика атасы» саналады, өз кезегінде жасанды интеллект, компьютер, робототехника және басқа да көптеген революциялық концепцияларды дүниеге әкелді; Юлий Оппенгеймер – «атом бомбасының әкесі» болып саналады; Сергей Брин - 1990 жылдардың соңында Google-ды құрды; Марк Цукерберг - әлемге Facebook әлеуметтік желісін сыйлаған жас дарын; Григорий Перельман - біздің заманымыздың ұлы математигі, мыңжылдықтың математикалық есептерінің бірі – Пуанкаре жорамалын шешкені үшін берілген 1 миллион долларлық сыйлықтан бас тартты. Әрине, бұл шағын көлемде келтірілген есімдер баршаға таныс болуы ықтимал, өйткені олардың әрқайсысының көрнекті  өмірбаяны мен әлемдік танымал болуға мүмкіндік берген өзіндік ғаламат еңбегі бар. Тізімді осы аталған тұлғалардың төңірегінде тоқтатқанымыз жөн, өйткені оны толықтыра жалғастыра берсек жалпы саны жүзшақты бетті алып кетуі мүмкін.

Мен үшін түбірлі мәселе, еврейлерді жалпылама мадақтау емес, мені ойландырып - толғандыратын негізгі тақырып - олардың өміршеңдігі, таңғаларлық жетістіктері, ал ең бастысы, ғасырлар бойы жойқын қырғындықты, ғаламат азапқа толы тағдырды («Барлық халықтар бір-бірін жек көреді, ал олардың бәрі жаппай еврейлерді жек көреді». Марк Твен), былайша айтқанда, көпе-көрнеу антисемитизмді бастарынан кеше отыра ұлт ретінде жойылып кетпегендігі, тілі, ділі, діні мен көне дәстүрлерін аман-есен сақтап қалу құпиясы қызықтырады. Соның елеулі себептеріне назар аударайық.

Еврей тірлігінде аналардың атқарар рөлі ғаламат. Олар өздерінің жақын адамдары үшін ерекше қымбат деп саналады. Оларды балалары мен күйеуі аса құрметтейді. Еврей әйелдері ықылым заманнан бері дәстүрлі түрде отбасылық өмірдің ажырамас және орталық бөлігі ретінде қабылданады, үйдің жаны мен жүрегінің рөлін атқарады. Олар бұл рөлге ерекше берілгендік пен сүйіспеншілік танытып, отбасындағы амандық пен келісімді бірінші орынға қояды. Олардың басты қамқорлығы - үйде жылулық, мейірімділік және сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, бұл үйді оның барлық мүшелері үшін шынайы бекем пана ету (мүмкін сондықтан да болар Кеңес үкметінің басшыларының басым көшілігінің әйелдері еврей ұлтынан болған). Бұл тыңғылықты ынта отбасы мүшелерінің жалпы сырт жайлылығына қамқорлық жасауды ғана көздемейді, сонымен қатар «кошер» (еврей діні рұқсат еткен) тағамдарын іріктеп, сенбі күндеріндегі тағамдарды дайындау және елеулі діни күндерді тойлау сияқты мәдени және діни дәстүрлерді сақтауды молынан қамтиды. Еврей әйелдері үйді безендіру мен отбасылық мерекелерге дайындықты қамтитын жылышырайлы ортаны құруға да белсенді қатысады. Отбасында жұмыс істеудің бұл тәсілі тек мәдени және діни әдет-ғұрыптарды қолдап қана қоймайды, сонымен қатар жанұялық байланыстарды нығайтады, бұл үйпананы әрбір отбасы мүшесінің қолдау, түсіністік және қамқорлық сезінетін орынға айналдырады. Осы едәуір адал еңбек еврей әйелдерін шын мәнінде отбасылық ошақтың баға жетпес қамқоршысы етеді. Еврей әйелдері еврей дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын сақтауда және оларды жандандыра жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Олар еврей халқының бай тарихымен, қалыптасқан мәдениетімен және діни әдет-ғұрыптарымен таныстыра отырып, балаларының оқу үдерісіне аса белсенді түрде қатысады. Дәстүрге деген тұрақты да терең берілгендік екі жақты мақсатты қамтиды: ол болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраны сақтауға ықпалдасып қана қоймайды, сонымен қатар жанұядағы бірегейлік пен сабақтастық сезімін нығайтады. Жасұрпақты құрметтеу және өз тамырын білу рухында тәрбиелеу отбасылық дәстүрлерді түбегейлі бағалауға және үзбей жалғастыруға дайын саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Еврей әйелдері өз үйлерінде бай рухани және жағымды психологиялық өзарасезімділікті құру және қолдаудың негізгі рөлін атқарады. Олар сенімінің маңызды бөлігі болып табылатын мерекелерді тойлау және басқа да рәсімдерді өткізу сияқты діни рәсімдерді дайындап, өткізуге жауапты. Бұл аса жауапты рөл дәстүрлерді сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар барлық жанұя мүшелерінің өзіндік еврей мәдениеті мен бай мұрасына деген сенімі мен рухани байланысын нығайту үшін маңызды. Ал күйеулер өздерінің әйелдерінің айтарлықтай жағымды ортаны құрудағы күш-жігерін жоғары бағалайды, өйткені бұл олардың жеке сенімін нығыздайды және мәдени, діни дәстүрлермен тұрақты байланысты сақтауға ауқымды ықпал жасайды. Бұл өзара жақын тану және әркімнің отбасындағы жеке дара рөлін құрметтеу отбасылық байланыстарды нығайтады және ортақ руханилықты жоғары көтереді, тұрақты үйді жай ғана тұрғылықты паналайтын қоныс емес, мәдени және рухани өмірдің орталығына айналдырады. Ерлер еврей әйелдерін жанұя құндылықтарына берілгендігі, қолдауы және өзара қамқорлық пен діни қағидаларға адалдықты үйлестіре білуі үшін ерекше бағалайды. Олардың дәстүрге беріктігі және өмірдің әртүрлі қырлары арасындағы тепе-теңдікті сақтай білуі оларды жұбайларының терең құрметі мен сүйіспеншілігіне айналдырады. Міні, еврей әйелдерінің осыншама ғажап та игілікті қасиеттері еврей ұлтының өзіндік табиғи ерекшеліктері мен қоса тілін, ділін және дәстүрін сақтап қалуға, жүздеген мемлекеттердің халықтарының арасына із-түссіз жоғалып кетпеуіне өлшеусіз үлкен рөл атқаратындығы біздер үшін үлгі тұтатындай керемет рухани құндылық. 

Еліміздің басты деген мәселесін алып қарасық, патриоттық (патриот- өз Отанын адал сүйетін, оның мүдделеріне қызмет ететін адам) ұғымнан, ұлтжандылық сезімінен, ұлттық намыстан қазақтардың көпшілігі ада. Ал Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі ретінде «қазақстандық патриотизм» айырықша аталып өткен. Сонымен, өз Отанына адал болу қазақстандықтардың қаситетті парызы екендігі Ата Заңымызда анық жазылған. Шындыққа жүгінсек жағдай қандай? Мәз емес. Маңдайымызға жазылған ұлттық ерекшелігіміздің ең құндысы болып саналатын ана тіліміз тәуелсіз деп жүрген Қазақстан мемлекетінде мүлдем өшіп қалуы қауіпінің алдында тұрғаны айдан айқын. Ол үшін әлеуметтік зерттеулер қажет емес. Еліміздің қай өңірін алып қарасаңыз да, қай жерінде болсын құлақ салсаңыз да, қазақ дегеннің барлығы дерлік - тілі жаңа шыққан нәрестеден бастап, Пайғамбар жасынан асқан кемпір-шалдар да - өз ана тілін аызына алмайды, бір - бірмен тек орысша ғана сөйлеседі. Аслан Төлегенов деген патшағар «Қазақстанда орыс тіліне қауіп төніп тұр» деп бекер зарлайды. Қазіргі жағдайда Қазақстанда орыс тіліне келіп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Қауіп қазақ тіліне, ұлы Абай тіліне төніп тұр. Тілге төнген қауіп ұлтқа да төнген қауіп екені анық. Осы қауіптің бетін кім қайтара алады? Бұл қауіпті қадір-қасиеті мол қазақ аналары қайтарады деген қағидатқа кәміл сенемін. Бұл мәселенің нәтижелі шешімі қазақ аналарының қолында. Тек аналар нағыз ұлтжанды патриот болуы абзал!

 Әйел адам отбасының алтын қазығы деп қазақта бекер айтылмаған. Оның ана ретіндегі қадір-қасиеті аса зор. Еліміздің баянды болашағы келешекте ана болар қыздардың жан-жақты ата дәстүріне сай ұлтжанды болып  тәрбиеленуне тікелей байланысты. Еліміздің өрекендеуі мен халықымыздың өміршеңдігі де ата-аналардың қызбалаларына беретін патриоттық тәрбиесі жанұяға адал болуына сабақтас екендігін жіті түсініп, осыған үлкен мән бергені дұрыс нәтиже берері сөзсіз. Ұлтымыздың озық әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіру, оған келешекте мейірімді де әдепті ана болатындығын,  шаңырақтың құт-берекесін келтіретін инабатты жан екендігін ұғындыру - қоғами маңызы үлкен игілікті іс. Тәрбие барысында олардың мінезіндегі жағымды қасиеттерді тұрақты қалыптастыру, ұлттың құндылықтарын жан-тәнімен құрметтеуге, отбасының негізгі ұйытқысы болуға ынталандыру  өте  маңызды. Оларға келешекте өз балаларын Отанына адал патриот, шынайы ұлтжанды және жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу үлкен жауапкершілігі тұрғанын санасына қондыру - игілікті мақсат.

Жасаған бұйыртса, қазіргі қыздар – болашақ ана! Ол ертеңгі ұлтты құрайтын және Елге  ие болар ұрпақты өмірге әкеледі. Ананы баласы пір тұтады, оны қасиеті шексіз жан деп түсінеді («Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады». Оноре де Бальзак). Сондықтан бала ананың өнегелі сөзін түсіністікпен қабылдайды, қашанда құп көреді. Ананың салмақты сөзі балаға қашанда өтімді, берген ұлағатты тәрбиесі тиімді келеді. Ана қазақша сөйлесе – бала да міндетті түрде өзінің құрмет көретін анасының тілінде сөйлейді. Сол себепті құтты Еліміз бен асыл тіліміздің тағдыры қасиеті мол аналар қолында екені айқын ақиқат.   

Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.