Петропавлда учаскелік инспекторлар мен коммуналдық қызметкерлер абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстарын күшейтті

Петропавлда учаскелік инспекторлар мен коммуналдық қызметкерлер абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстарын күшейтті

Учаскелік полиция инспекторлары Петропавл қаласы мен облыс аудандарында абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Жуырда қалалық құқықтық тәртіп сақшылары «Коммунхоз» ЖШС маманымен бірлесіп облыс орталығының Кирпичный шағын ауданындағы жеке секторының тұрғындарымен кездесті.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қаланың кейбір жерлеріндегі қоқыс үйінділері мен қоқыстардың жиналуы нағыз меселеге болып табылады. "Абаттандыру және экологиялық салауаттылық ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасы басшылығының бақылауында. Петропавл қаласы полиция басқармасы учаскелік инспекторларының күшімен абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша, оның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде де жүйелі түрде рейдтер өткізіледі. Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережелерінің 3352 бұзылуы анықталды. Тәртіпті нығайту және Петропавл тұрғындары мен қала қонақтарының санитарлық салауаттылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлескен рейдтер жандандырылды ", - деп атап өтті Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының м.а. полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Кирпичный шағын ауданындағы жеке секторындағы рейд барысында жұмыс тобы үй иелеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және орналастыру бойынша ақылы қызмет көрсету бойынша «Коммунхозбен» шарт жасасу тәртібі туралы түсіндірді. Бір жарым сағаттық рейдтің қорытындысы бойынша шағын аудан тұрғындары осындай шарттарды ресімдеуге 5 өтінім берді. Мамандардың айтуынша, барлық ниет білдірушілер «Коммунхоз» ЖШС-мен тікелей байланыса алады. Учаскелік инспекторлар мен коммуналдық қызметкерлердің бірлескен жұмысы жалғасуда.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Юрий Клыков

СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі

 

     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.