Жамбылдық полицейлер балалардың терезеден құлауының алдын алу туралы айтты

Жамбылдық полицейлер балалардың терезеден құлауының алдын алу туралы айтты

Балаларды, әсіресе көктем-жаз кезеңінде қараусыз қалдыру - балалар жарақатының және өлімінің негізгі себептерінің бірі болуда.
Мысалы, ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында балалардың терезеден құлауының 5 (өткен жылы – 6) дерегі тіркелді, түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен жасөспірімдер 4 пен 17 жас аралығында, оның ішінде 4 дерек Тараз қаласында және 1-уі Қордай ауданында орын алды.
Балалардың су айдындарына батып кету жағдайлары да үлкен алаңдаушылық тудырады. Ағымдағы жылы 6 (өткен жылы-8) дерек тіркелді, оның ішінде 5 бала суға батып қайтыс болды, 1 бала аман қалды, оның 4-і аудандарда (Жуалы және Қордай), 2-і Тараз қаласында орын алды, балалардың жасы 3 пен 17 жас аралығында.
Жүргізілген талдауға сәйкес, балалардың жарақаттануының және өлімінің жиі болу себептері заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы болып табылады. Сондай-ақ, торлардың, терезелерді бұғаттаудың басқа механизмдерінің болмауы және ең бастысы, балаларды ұзақ уақытқа қараусыз қалдыру.
Суға түсуде үлкендердің кәмелетке толмаған балаларына тиісті назар аудармауы, олардың таныстарына, көршілеріне, үлкен балаларына сенім артуы және т. б. салдарынан қауіпсіздік шаралары сақталмайды.
Мысалы, 2024 жылғы 16 маусымда "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді.
Осы Заңға сәйкес кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің жауапкершілігі енгізілді (ҚР ӘҚБтК 127-бабының диспозициясын толықтыру).
Аталған өзгерістер шеңберінде баланың ата-анасының қарауынсыз немесе қауіпті жағдайда болу деректері орын алса (көп қабатты үйдің ашық терезесінің алдында, жол бөлігінде, су айдынында, құрылыста, олардың мотоцикл құралдарын, электр скутерлерін және шағын электр көліктерін өз өміріне, басқа жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне және т.б. қауіп төндіре отырып, жолдың жүріс бөлігінде басқару) заңды өкілдер немесе оларды алмастыратын адамдар осы бап бойынша жаңа диспозицияға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

"Мен ата-аналарды қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға шақырамын, сондықтан үй-жайларды желдету кезінде балаларды бақылауға, ересектердің еріп жүруінсіз балконға шығуға рұқсат бермеуге, барлық жиһаздарды терезе төсеніштерінен алыстатуға, терезе торларына балалардың жақындамауын қадағалауды қамтамасыз ету керек. Балаларды су айдындары мен өзге де шомылатын орындарда ересектердің назарынан тыс ұзақ уақытқа қалдыру деректеріне жол бермеу қажет. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, әрбір ата-ананың басты әрі маңызды міндеті және немқұрайлылық сіздің балаңыз үшін өлімге әкелуі мүмкін",- деді

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив