Тасымалдаушыларға арналған ақпарат!

Тасымалдаушыларға арналған ақпарат!

ЕАЭО аумағына халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкелу кезінде кеден заңнамасының талаптарын сақтау

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕАЭО КК) 38-тарауында Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (бұдан әрі – ХТКҚ) өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері көзделгенін хабарлайды.

ЕАЭО КК 273-бабының 2-тармағына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына уақытша әкелінген ХТКҚ шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды және оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың нақты иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

ЕАЭО КК 275-бабының 4-тармағына сәйкес, уақытша әкелінген ХТКҚ өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.

Бұл ретте, ЕАЭО КК 275-бабы 4-тармағы 2-тармақшасының 2-бөлігінде ХТКҚ-ны әкелу кезінде, ЕАЭО кедендік аумағынан әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында өзге тұлғаларға берілуі мүмкін айрықша жағдайлар көзделген. Осылайша, егер ЕАЭО мүше мемлекеттің тасымалдаушысы осындай тасымалдауды жүзеге асырса және ЕАЭО аумағында тасымалдау аяқталғаннан кейін, кері бағытта не ҚР Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасы бағытында жүре отырып жаңа тасымалдауды жүзеге асыратын болса, уақытша әкелінген ХТКҚ жүктеу арқылы осы тасымалдаушыда ЕАЭО КК 279-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындайды.

Сонымен қатар, ЕАЭО КК 272-бабының 6-тармағында ЕАЭО кедендік аумағынан уақытша әкелінген ХТКҚ әкету ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің кез келген жерінде жүзеге асырылуы мүмкін екені көзделген.

Осылайша, мұндай ХТКҚ ҚР Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасы арқылы әкетілген жағдайда және оларды ҚР осындай шекаралары арқылы кері уақытша әкелген жағдайда, ХТКҚ уақытша әкелу тәртібін реттейтін Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 511 шешіміне сәйкес, егер ХТКҚ оларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғаларды іс жүзінде иелену және пайдалануда болмаса, уақытша әкелуден бас тартылады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1 шілдеден бастап ЕАЭО КК талаптарын бұзатын жоғарыда аталған тасымалдарға қатысты Қаржы министрлігі ЕАЭО КК қолданыстағы заңнамасының жоғарыда көрсетілген нормаларын қолданатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.