Шет елге шығару кезінде валютаның кезекті артуы Ақтау әуежайында анықталды

Шет елге шығару кезінде валютаның кезекті артуы Ақтау әуежайында анықталды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, кедендік тексеру жүргізу барысында 10 700 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша қаражаты табылғанын хабарлайды.

31 қаңтарда кедендік бақылау кезінде Ақтау – Дубай халықаралық рейсін ресімдеу барысында 1987 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматынан 10 700 доллар мөлшерінде декларацияланбаған ақша қаражаты табылды.

Азамат ақша қаражатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жолаушылар кедендік декларациясында декларациясыз өткізген.

Ұсталған азаматтың айтуынша, жалпы сомасы 10000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол ақша қаражатын кедендік декларациялау қажеттілігі туралы ол білмеген, сондықтан ол кедендік декларацияны толтырмаған.

Азаматқа қатысты 551-баптың 3-бөлігі "жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражаты мен ақша құралдарын Декларацияламауы не дұрыс декларацияламауы" бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және 10 АЕК сомасында айыппұл салынды. Ақша иесіне қайтарылды. 

"Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің басшысы Мұрат Байғебаев атап өткендей: "Жыл басынан бері кеден бекетімен кедендік заңнаманы бұза отырып, жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын әкетуінің 2 фактісі анықталды, олар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Жолаушыларға ЕАЭО кедендік шекарасынан өткен кезде валютаны ауыстыру ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеміз".

АНЫҚТАМА: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 343-бабының 1-тармағы 7) тармақшасында белгіленгендей, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 «Ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсыну туралы» шешімімен, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша қаражаттарының жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 100 он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе онда ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсынумен жолаушылар кедендік декларациясымен алып жүру белгіленген. Бұл шешім 2020 жылғы 3 ақпанда күшіне енді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив