Астанада полицейлер түнде көлікпен жарысатындар тобын ұстады
Жолда экстремалды жүру әуесқойлары Оңтүстік-Батыс айналма тас жолында ұсталды.
Іс-шара түнгі уақытта өткен, онда тас жолда 19 көліктің жүргізушілері өзара жылдамдыққа жарысқан.
Оқиға орнына келген полицейлер жарыстың барлық қатысушыларын ұстады.
Аталған факті бойынша жол белгілері мен таңбаларын сақтамағаны, техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін және тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушылардан мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді, автомобильдер коммуналдық тұраққа қойылды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]