Полицейлер Астанада шетелдік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған азаматты ұстады
Елордада 20-31 наурыз аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар, сондай-ақ, көрінеу жалған нөмірмен басқарылатын көлік құралдарын анықтау және ұстау, одан әрі коммуналдық тұраққа орналастыру мақсатында өткізілуде.
Осылайша, ЖПІШ кезінде полицейлер Ресей Федерациясында тіркелген «Daewoo Nexia» автокөлігін тоқтатқан. Белгілі болғандай, жүргізушінің ағымдағы жылдың 1 наурызынан бері 470 мың теңгеден астам сомаға 21 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.
ЖПІШ 4 күн ішінде қызметкерлер жалпы сомасы 15 млн 500 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар желісі бойынша 700-ге жуық хабарлама шығарды.
Әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы бар 13 көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]