Астанада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Операция басталғаннан бері полицейлер 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде 117 жүргізуші көлікті мас күйінде тізігіндегені үшін ұсталса, 300-ден астам адам көлікті жүргізу құқығынсыз басқарғаны белглі болған. Сондай ақ 200-ге жуық жүргізушіге оқыс жағдай туғызғаны үшін айыппұл салынса, 400-ге жуық жүргізуші оқиға орнынан қашып, жасырынған.
Полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқаруға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге баса назар аударуда. Қолданылған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар әлі күнге дейін мас күйінде көлік жүргізіп, өз өмірлеріне, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіруде.
Мәселен түнгі сағат 01.52-лер шамасында полиция қызметкерлері жедел іс-шара барысында Бейсекова көшесінде күдік тудырып, қозғалып келе жатқан «GMC» көлігін байқаған. Тексеру барысында 48 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Ол медициналық тексеру нәтижесінде «жеңіл дәрежелі» масаң күйде болған. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, енді ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]