Полицейлер жастарды есірткінің таралуына қарсы тұруға шақырады
Нашақорлыққа қарсы күрес айлығына барлық мүдделі тараптар белсенді қатысуда. Нашақорлық саласындағы қылмыстарды анықтау және ескерту бойынша алдын алу шаралары талқыланған кезекті кездесу Астана колледжі мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.
Іс- шараға облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, облыстық прокуратураның өкілдері, білім және денсаулық сақтау басқармаларының мамандары қатысты.
Кездесуде есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны, дене шынықтыру мен спорттың пайдасы туралы айтылды.
Полицейлер жастарға есірткі заттарын сақтағаны және таратқаны үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы айтып, есірткіге қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетті.
- Ұстау операцияларына жүргізілген талдау біздің облысымыз синтетикалық есірткінің транзиті болып табылатынын айғақтайды. Осылайша, қабылданған шаралар нәтижесінде Алматы қаласынан біздің облысқа синтетикалық есірткіні жеткізудің 3 арнасы анықталып, жабылды, онда 1 келіден астам синтетика тәркіленді. Бұл есірткінің барлық түрлерін 1-2 қолданғаннан кейін қатты тәуелділік пайда болады. Мұндай кездесулерде жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ете отырып, біз жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға және жастарды зиянды тәуелділіктен қорғауға тырысамыз, - деп атап өтті ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]