Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін өткізуде
Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің бастамасы бойынша ZOOM-конференция форматында "Синтетикалық есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары" тақырыбында дәріс өтті.
Ұйымдастырушылардың бірі Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы болды.
Іс-шараға онлайн режимінде 300-ден астам адам қатысты, олардың арасында Жамбыл облысының мектептері мен колледждерінің басшылары, сондай-ақ оқушылар мен студенттер, олардың ата-аналары бар.
Қатысушылар синтетикалық есірткінің зияны туралы бейне дәрістерді тамашалады. Тәртіп сақшылары оларға есірткінің заңсыз айналымының құқықтық салдары, интернет-сайттар арқылы (OLX, телеграм және т.б.) жастарды есірткі таситын курьерлік жұмыстарға тарту тәсілдері туралы айтып берді.
- Біздің басты міндетіміз - салауатты өмір салтын насихаттауға, азаматтардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға бағытталатын айлық кезінде есірткіге қарсы іс-шаралардың тұтас кешенін жүзеге асыру және оған облыс тұрғындарын барынша тарту, - деп атап өтті Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
[xfvalue_img]