Құжатсыз 3 526 тонна: Алматыда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз мұнай өнімдерінің айналымын жолын кесті. Мұнай өнімдері нарығындағы субъектілерді әкімшілендіру барысында бір заңды тұлғаның тауарлардың шығу тегін көрсетпей электронды шот-фактуралармен (ЭСФ) мұнай өнімдерінің сатылуын анықтады.
Салық төлеушінің қызметін талдау барысында 2023 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін заңды тұлға шығу тегі белгісіз мұнай өнімдерінің 943 918 677 теңге көлемінде 3 526 тоннасын жүзеге асырғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда: бензин – 46 тонна, дизель отыны – 1 948 тонна, пеш отыны – 758 тонна, авиациялық отын – 774 тонна.
Аталған фактілер бойынша материалдар Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық әрекеттердің белгілерін анықтау үшін жіберілді.
Егер сізде заңсыз мұнай өнімдерінің айналымы туралы ақпарат болса, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 93/95, 417 каб., телефон: 8 (727) 267-35-62.
[xfvalue_img]