Маңғыстау облысында заңсыз темекі, алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдері тәркіленді

Маңғыстау облысында заңсыз темекі, алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдері тәркіленді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Құқық қорғау органдарымен бірлесіп өнімнің (тауарлардың) заңсыз әкелінуі мен айналымының алдын алу бойынша жедел-бақылау іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді. Акцизделетін өнімдер ерекше бақылауда.

Мәселен, 2023 жылы мораторийге қарамастан, азаматтардан келіп түскен өтініштердің негізінде, акцизделетін өнімнің заңсыз айналымын анықтау бойынша 22 тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде 72890 бөтелке (40,5 мың литр) түрлі атаудағы алкоголь өнімі тауарға ілеспе жүкқұжатсыз (ТІЖ), лицензиясыз, есепке алу-бақылау маркалары жоқ және белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар түрлері анықталды және тәркіленді.

Сондай-ақ 1,5 млн қорап контрафактілік темекі (оның ішінде 15,6 мың электрондық) анықталды.

Сонымен қатар, шығу белгілері жоқ 352,14 тонна мұнай өнімдері (мазут және дизель отыны) табылды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463, 283 және 283-1, ҚР ҚК-нің 233-баптары бойынша әкімшілік және қылмыстық материалдар жасалып, сотқа берілді. Осы әкімшілік бұзушылықтар үшін салық төлеушілерге құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 150 АЕК-ке дейінгі айыппұл салынады, қылмыстық бап бойынша жаза бөлігінде екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарымен не қоғамдық жұмыстарға алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге тартумен не шектеу көзделген екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен шектеледі.

Еске салайық! "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" ҚРЗ сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін өнімді тиісті лицензиясыз, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарсыз және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған сатуға тыйым салынады.

Ағымдағы жылы осы жұмыс учаскесіндегі салықтық бақылау тек күшейтілетін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.