Алматы қаласындағы акцизделетін заңсыз айналымды анықтау және оның жолын кесу
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 4 мамырда тексеру іс-шаралары барысында жеке кәсіпкердің жекеменшік үйінде акцизделетін өнімнің, яғни спирттің ерекше иісі бар, қара - сұр түсті 1 200 литр көлемінде сұйықтығы бар канистрлер, 870 бөтелке мөлшерінде қаңылтыр банкалардағы сыралар және контрафактілік темекі өнімдерінің 760 пакет мөлшеріндегі заңсыз айналымы анықталып, жолы кесілді. Заңсыз өнімнің жалпы құны 2,2 млн. теңгені құрады.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдарды Алматы қаласының сот органдарына беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы бұзушылық үшін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283, 283-1, 463-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Жоғарыда аталған тәркіленген акцизделетін өнімдер азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін атап өту қажет.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шығу тегі күмәнді алкоголь мен темекі өнімдерін сатып алу кезінде азаматтарды мұқият болуға шақырады.
Акцизделетін өнімді заңсыз өткізудің барлық фактілері бойынша Алматы қ. тұрғындары Мемлекеттік кірістер департаментіне мына мекенжай бойынша жүгіне алады: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95, каб. 417, телефон: 8(727) 267-35-62.
[xfvalue_img]