Спорттық шара өтті
21.12.2021 жылы ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен мекемеде жазасын өтеушілер арасында спорттық шара өтті. Мақсаты сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс спорттың дойбы, шахмат, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес түрлерінен өтті. Жарысқа мекемедегі барлық жазасын өтеуші сотталғандар белсенділік танытып қатысты. Арқан тартыста әр жасақтан бір –бір командадан қатысты. Қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, мекеме бастығының «Алғысхатымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мекемеішілік мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жеңімпаз атандым, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.
«Мұндай спорттық шараларды жиі өткізу сотталған азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. Алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып, бостандыққа шығып, отбасыларыңызға аман-есен қауышыңыздар»- деді тәрбие бөлімінің бастығы Абдолла Уайдаев.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]