Пробация есебіндегі сотталғандар спорттық шараға қатысты.
Жалағаш ауданында "Наркескен" спорттық клубының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға пробация есебіндегі сотталғандар қатысты.
Жарыс спорттың дойбы, шахмат, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес түрлерінен өтті. Жарысқа есептегі 10 сотталған белсенділік танытып қатысты. Арқан тартыста есептегі азаматтар бір команда болып, қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып,ұйымдастырушылардың «Алғысхатымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жүлделі орын алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.
Мұндай спорттық шараларға сотталған азаматтарды жиі қатыстыру, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]