270.00-нысанды кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну туралы
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде кірістер мен мүлік туралы декларацияның жаңартылған нысанын (270.00-нысан) іске асыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Іске асыру мерзімі – 2024 жылғы 1 тамызға дейін.
Осыған байланысты «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы
13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 бұйрығының қолданысы тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте, осы нысанды 2023 жылға беру жөніндегі міндеттемелер 2021 жылы бекітілген декларация нысаны бойынша мүмкін болады. Кіріс пен мүлік туралы декларацияны жасау ерекшеліктері Салық кодексінің 634-бабында белгіленген.
Егер 2024 жылы «қабылданған» деген мәртебесі бар кірістер мен мүлік туралы декларацияның қолданыстағы нысаны (270.00 нысан) ұсынылса, одна декларацияны (270.00 нысаны) қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды.
[xfvalue_img]