TikTok #Наурыз2024 онлайн-фестивалін қорытындылады: қолданушылар 27 мың бейнеролик жасады
- TikTok осымен екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен өткізген #Наурыз2024 онлайн-фестивалін қорытындылады.
- Қазақстандықтар Наурыз мейрамы қалай атап өтілетіні және оған дайындық турады 27 мыңнан астам бейне және фотоконтент жасады: бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.
TikTok соңғы бірнеше жылда миллиондаған қазақстандықтар кіріп, өздерінің ұлттық мәдениетінің байлығымен, ана тілінің көркемдігімен бөлісетін, сондай-ақ сүйікті мерекелерін атап өтетін орынға айналды.
Биыл TikTok Наурыз мейрамының құрметіне екінші рет ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастыра отырып, қазақстандықтарды елдің әр түкпіріндегі отандастарымен мерекелік көңіл-күйлерімен бөлісуге шақырды. Жоба платформаның Қазақстандағы қолданушыларын біріктіріп, оларға өздерінің үлкен мерекенің бір бөлшегіне айналуға мүмкіндік беріп, сонымен қатар жергілікті қауымдастықты бір-бірімен мәдениеттің бір бөлшегі - ұлттық дәстүрлер, мәзірлер, музыка және тағы да басқасымен бөлісуге шақырады.
Бастамаға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігімен бірге "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы қолдау білдірді. Сондай-ақ жобаға суретші Ассоля @assolyaa сияқты танымал авторлар қолдау танытып, көңілді шығармашылық құттықтау-ролигін жолдады, Қазақстан қалаларының мәдениеті мен тарихы туралы танымдық контенттің авторы Митя Байназаров @mbainazarov Наурыз тарихы туралы бейнеролик жазса, домбырашы Белес @dombrart баршаға әйгілі болған мерекелік әннің қалай туғаны туралы баяндады, ал @bekarti Қазақстанның көрікті мекендерінен музыкалық бейнебаян түсірді.
Платформа қолданушылары #Наурыз2024 хештегі бойынша өздерінің бейнебаяндары және фотоконтенттерін құра отырып, мерекелік виртуалды фестивальге белсене араласты.
Қазақстандықтар өздерінің қалалары мен ауылдарында мерекенің қалай кеңінен тойланатыны туралы бейнероликтер түсіріп, Наурыз мейрамына қалай дайындалатынын көрсетті, TikTok қолданушыларын отбасыларымен бірге виртуалды түрде мерекеге қосылуға шақырды, ұлттық нақышта сәнді бейнелер мен ұлттық үлгідегі макияждар жасап, дәмді бауырсақтар, Наурыз көже мен басқа да дәстүрлі тағамдар дайындап, жарысқа түсті. Әлбетте, мереке ән-күйсіз өткен жоқ – қолданушылар ән шырқап, домбырамен өздерінің дарындарын көрсетті.
Жобаға ат салысқан барша қолданушылардың арасынан ең креативті бейнероликтердің авторлары анықталды. Жеңісті орындар: контент авторы @araika_baibek Наурыз-көжеге арналған эстетикалық бейне-мәзірі; Домбыраның құлағында ойнаған @aitolkyn_toktagan, сондай-ақ Орал қаласындағы мектептердің бірінде тамаша атап өтілген Наурыз мейрамы туралы бейнероликттің авторы @umit_adilbekovna. Жеңімпаздардың барлығы TikTok сыйлықтарына ие болады.
«Биылғы біздің бірлескен жобамыз таңқаларлық нәтижелерімен қуантты. Сол, мерекелік мазмұнның екі есеге артуы қазақстандықтардың ұлттық және мәдени құндылықтарға барынша назар аудара бастағанын көрсетеді. Оның үстіне жыл өткен сайын Наурыз мейрамының ауқымы да ұлғайып жатыр. Осы жобаға қатысқан барша отандастарыма алғыс айта отырып, жеңімпаздарды құттықтағым келеді. Алдағы уақытта да біздің жобамыздың ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түседі деп ойлаймын. Өйткені, құндылықтарымыздың бағасы мен мәнін азаматтарымыздың ортасында ғана емес, сонымен қатар шетелдік аудитория арасында насихаттау жұмыстары осылай жүреді», дейді «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
«Біз кезекті рет Қазақстандағы TikTok қауымдастығына өздерінің сүйікті мейрамын тек отбасы мен жақындарының ортасында ғана емес, сонымен бірге платформаның мыңдаған қолданушыларымен бірге атап өтуге мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Биыл қолданушылардың өздерінің төл мәдениетіне деген қызығушылықтары артқанын байқадық: биыл олар өткен жылғы Наурыз мерекесіне қарағанда екі есеге көп мазмұн құрды! Демек, бұл – бұрынғыдан да мол күлкі, дастархан дәмі, музыкалар, көтеріңкі көңіл-күй мен биге қоса, TikTok-ты толтырған қарапайым ғана бақытты сәттер», дейді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.
TikTok туралы
TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.
[xfvalue_img]
25 пікір