«Қостанайлық Антикор жыл басынан бері мемлкеттік органдарда 20-дан астам жемқорлық тәуекелдерін анықтады»
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Депаратменті ағымдағы жылда жемқорлық тәуекелдерін жүргізілген 2 сыртқы талдау қорытындысы бойынша 22 жемқорлық тәуекелдері анықтады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын орындау аясындағы жұмыс нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас айтып берді.
Облыстық Антикор басшысының ақпараты бойынша «Қостанай облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» ауыл шаруашылық, медицина, экология, бизнес салаларын, сондай-ақ спортты қаржыландыруды және жолдар мен инфрақұрылымды субсидиялауға байланысты проблемалық мәселелер көзделген.
Оның айтуынша, өткен жылы медицина, бизнес, ауыл шаруашылығы және экология, сондай-ақ жолдар мен инфрақұрылым салалары қамтылған. Осы салалар бойынша 8 сыртқы талдау жүргізіліп, 90 тәуекел анықталды, - «осы жылы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жаңа салалармен толықтырылды, бұл жылумен қамту, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді мониторингтеу, сондай-ақ созылмалы құрылыс нысандары салалары болып табылады, сондықтан қазіргі таңда аталған бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті Бауыржан Ұзынжас.
Агенттіктің тапсырмасы бойынша, Департамент ұзаққа созылған құрылыс нысандарына мониторинг жүргізуде. Антикордың сүйемелдеуімен бүгінде «Әуежай» шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үй, «Қонай» шағын ауданында екі тұрғын үй және Рудный қаласындағы 60 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы, сондай-ақ Қостанай облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары ерекше назарда.
Қабылданған шаралар ретінде облыс әкіміне бірқатар ақпараттық хаттар жолданды, еріктілердің қатысуымен 5 рет құрылыс алаңдары қарау моониторингі ұйымдастырылды, осы мәселелер облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және Қоғамдық кеңестің қарауына шығарылды.
Бизнесті қорғау бағытына да ерекше назар аударылады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз серіктестікте «Бизнес жол» жобасы іске асырылуда.
Жыл басынан бері ШОБ субъектілерінің 21 өтініші қаралды, 13 кәсіпкердің проблемалық мәселелері оң шешілді, сондай-ақ консультациялық көмек көрсетілді. Мәселелерді объективті қарау үшін сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жауапты және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері тартылады.
Сонымен қатар, брифинг аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар» сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жұмысының қорытындылары айтылып, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтер жұмысының қорытындылары туралы ақпарат берілді.
[xfvalue_img]