«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» барысында Солтүстік Қазақстан облысының полиция басшысына 8 адам жүгінді
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен өткізген «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күніне» облыстың барлық атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновта қатысты. Солтүстік Қазақстан облысында бұл іс-шара ел президентінің бастамасымен қолға алынып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау тәртібіне қатысты көші-қон мәселелері, қылмыстық істерді тергеудің барысы және тағы басқа мәселелер. Осындай сұрақтар бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» барысында облыстық полиция басшысына 8 адам жүгінген. Барлық түскен өтініштерге жауап берілді. Сонымен қатар, жұмысты бақылау және оңтайландыру үшін әрбір мәселе назарға алынады.
Азаматтарды қабылдауға облыстық полиция бастығымен бірге қалалық полиция басқармасы, әкімшілік полициясы, жергілікті полиция қызметінің және басқа да жетекші ведомства бөлімшелерінің бірінші басшылары қатысты. Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, азаматтарды қабылдаудың мұндай форматы өте тиімді полиция жұмысының сервистік форматын дамыта отырып, азаматтардың сауалдарына уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері апта сайынғы жеке қабылдау барысында Айдын Қабдұлдинов 6 азаматты, ал Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары - 8, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары 38 адамды қабылдады. Бұл жұмыс тұрақты бақылауға алынған.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]