Кәсіпкерлердің тек қолма-қол ақшамен төлеу талаптары заңды ма?
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әртүрлі тәсілдері – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап) көзделгенін түсіндіреді.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бірінші рет ескерту көзделген, қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
[xfvalue_img]