Мобильді аударымдар: Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы кездесу

Мобильді аударымдар: Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы кездесу

Қазіргі уақытта мобильді аударымдардың салықтық бақылауына қатысты қоғамдағы қызу талқыға  байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Жанаргүл Ракашова Ақтау қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының алаңында өткен брифингте бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет?

Мобильді аударымарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.

Егер сатушы қолма-қол ақша талап етсе не істеу керек?

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әр түрлі тәсілдері көзделген – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар: алғашында - ескерту, қайталап заң бұзғаны үшін – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы).

Адал кәсіпкерлерге алаңдайтын ештеңе жоқ!

Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды.

Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді.

Тек, қана өз кірістерін жасыратын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғалар ғана тексеруге жатады.

Салық органдарының берік ұстанымы-жазалау емес, түсіндіру!

Маңызды: мобильді аударымдарды әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына, әріптестеріне және т.б. жағдайлара аударуға шектеулер жоқ.

Сонымен қатар, бүгінде бизнесті жүргізуге және дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді. Салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1% - дан 4% - ға дейін.

Қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді.

Анықтама: бөлшектенген сауда салығы үшін қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364 түрге кеңейтілді, сонымен қатар Жаңаөзен қаласы маслихаты шешімімен жеке табыс салығының мөлшерлемесі 2025 жылы 2% - ға төмендетілетін болды. Сондай-ақ, басқа аудандар бойынша маслихатпен бөлшектенген сауда салығы ставкасын төмендету мәселелері қарастырылуда. Осылайша, кәсіпкерлер өз қызметінде аталған режимді пайдалана алатынын қаперіңізге береді.

Сондай-ақ, азаматтар қажетті ақпаратты алу үшін мына орталықтарға хабарласа алады:

- 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады. Байланыс орталығы жауап беруге дайын;

- жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдар бойынша сұрақтарды Telegram» мессенджеріндегі чатқа жазып, жедел жауап алуға болады. Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODky;

- Маңғыстау облысының әрбір мемлекеттік кірістер басқармаларында ақпараттық қолдау көрсету үшін «Консультативтік орталықтар» бар екенін хабарлайды.

 Салық төлеу ыңғайлы және тиімді! 

Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлер үшін қолайлы заңды тетіктер әзерлеген. Сонымен қатар, көлеңкеден шығып, заңды жұмыс жасауға көшуге дайын кәсіпкерлерге жәрдемдесуге дайын. Атап айтқанда, мынадай қызметтер көрсетілетін болады:

- фискалдық сүйемелдеу, кәсіпкерлерді тіркеудің алғашқы қадамдарынан бастап, біз қазірдің өзінде декларацияны толтыру бойынша функцияларды іске асырдық, оған салық сомаларын толтыруға және есептеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ;

- сервистік тәсіл, ҚҚС бойынша шекті деңгейге жеткендігі туралы, банктік қосымшадан салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мүмкіндігі туралы хабарлайтын сервистер әзірленді;

- бизнесті қолма-қол ақшасыз төлемдермен жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлерде салықтық тексерулердің болмауы.

Одан бөлек, Жаңа Салық кодексі шеңберінде кәсіпкерлер үшін ынталандыру шаралары көзделетін болады.           

Маңғыстау облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.