ҚР-дағы жұқпалы аурулар: Нақты қауіп пен оны шешу жолдары
Жылдам өзгеріс және тұрақты шақыртулар уақытында қоғамдық денсаулықты сақтау саласы жұқпалы аурулар мәселесімен бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай фонында жұқпалы аурулар әлі де қоғамдық денсаулықты сақтауда қауіпті болып саналады және бұл көршілес елдерден айқын көрінуде.
Біз маусым басындағы статистикадан бірқатар маңызды мәселені көріп отырмыз.
Қызылшаға қарсы вакцинацияның балалардың барлығына бірдей салынбауы еліміздегі сырқаттанушылықтың өсуіне алып келді. COVID-19 пандемиясы кезінде жоспарланған екпенің толық алынбауынан туындаған аурудың өршуі үлкен мәселеге айналды. Ағымдағы жылы вирусты жұқтырғандардың 20 мыңнан астам жағдайы көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар арасында болды, бұл қоғамға медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік қауіп төндіреді.
Қызылша - барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті. Алайда, иммунитеттің қалыптасу ерекшелігіне байланысты 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үлкен тәуекелге ұшырайды. Вакцинация салдырмаған адамдар, соның ішінде балалар, жасөспірімдер, ересектер және жүкті әйелдер қызылшаны жұқтыруға бейім келеді. Тіпті екпеден соң иммунитетке байланысты вакцинацияланғандар да осал болуы мүмкін.
Көрші елдерде, соның ішінде Ресейде көкжөтелдің өршуі әсіресе балалардың арасында байқалып отыр. Бұл Қазақстан үшін ықтимал қауіп-қатерді білдіріп, алдын алу шараларын енгізудің маңыздылығын көрсетеді.
2023 жылы елімізде көкжөтелдің 393 жағдайы тіркелді. Вакцинацияға қарамастан, вакцинация мәртебесі белгісіз адамдарда вирусты жұқтыру дерегі анықталып отыр.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5 есе өскен. Бұл еліміз үшін медициналық қана емес, әлеуметтік қиындықтарды тудырады.
Аталған аурулардың ауыр толқындарын ескеріп, алдын-алудың тиімді әдістеріне деген қажеттілік шұғыл бола бастайды.
Иммунитет және алдын алу шаралары туралы сөз қозғасақ, ата-бабалар қолданған нұсқауларды білу және денсаулықты сақтаудың дәстүрлі әдістеріне назар аудару маңызды. Олардың ішінде саумал - иммунитетті нығайтып, ағзаға қорек болатын ерекше өнім. Алайда жаңа сауылған бие сүтінің пайдалы қасиеттері қысқа мерзімге сақталатындықтан, NEOSAUMAL көмекке келеді.
Сублимациялық әдіспен жасалған бие сүті түрлі аурудың алдын алудың және профилактиканың күшті құралы болып табылады. Витаминдерге бай болуы және табиғи өнімнің тез сіңуімен NEOSAUMAL иммунитетті нығайтуға, дерттен жазылуға және холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Күрделі эпидемиологиялық жағдайда дәстүрлі әдістер мен ғылыми инновациялардың үйлесім табуы жұқпалы аурулармен күресудің маңызды элементіне айналып отыр. Заманауи және дәстүрлі құралдарды біріктіретін тәсіл, жаһандық масштабтағы қоғамдық денсаулық сақтаудың неғұрлым тиімді стратегиясын жасап шығарудың кілті болуы мүмкін.
[xfvalue_img]