Мамандандырылған ХҚКО-ларда 159 теориялық емтихан нәтижелерінің күші жойылды

Мамандандырылған ХҚКО-ларда 159 теориялық емтихан нәтижелерінің күші жойылды

159 азаматтың теориялық емтиханы жойылды. Бұл 16 қазаннан бергі нәтиже. Дәл сол кезде Қазақстанда теориялық емтихан тапсырудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Ол қызмет алушы сыртынан бейнебақылау жүргізуге, қозғалыстарды оқуға, бөгде шуды жазуға, сөйлеуді қадағалауға мүмкіндік береді. Оның арқасында бірқатар өңірлердегі заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік туды.

Емтиханды бұзушылықтармен тапсыру көбінесе Шымкентте – 76 рет, Түркістан облысында – 58 және Алматыда – 28 рет тіркелді. Жүргізушіге кандидаттар микроқұлаққап, камералар, қашықтан қол жеткізу құрылғылары мен бейтаныс адамдардың көмегін пайдаланған.

Осылайша, Шымкенттіктер микрокамера тігілген бір жейдені кезекпен киіп емтихан тапсырған. Жол жүру ережелері 3.0 жүйесі қызмет алушылардың киімдеріндегі жыпылықтаған құрылғы шамын танып, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне ықтимал бұзушылықтар туралы сигнал берген. Нәтижесінде бұл азаматтар тестілеуден шеттетіліп, нәтижелері жойылды. Бекітілген Ережеге сәйкес, олар үш айдан кейін ғана емтихан тапсыра алады.

«Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихандардың ашықтығына баса назар аударады. Біз үшін, ең алдымен, жүргізуші куәлігін жол ережесін жақсы білетін, көлік жүргізу дағдысын меңгерген азаматтар алуы маңызды. Жол жүру ережелері 3.0 жүйесі сыбайлас жемқорлықтың ықтимал фактілерін дұрыс бақылау және алдын алу үшін құрылған», - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау шараларын жүйелі түрде жүргізеді. Барлық анықталған фактілер бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына жіберіліп отырады. Осылайша, 2023 жылы 58 іс жолданды. Оның ішінде 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Мемлекеттік корпорацияның ішкі қауіпсіздік қызметкерлерімен құқық қорғау органдарына Тараз қаласындағы жүргізуші куәліктерінің заңсыз берілуі туралы материалдар да бар. Еске сала кетсек, кеше Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы айғақтарды тәркілеген болатын.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.