Бұрын БЖТ төлеген азаматтар қайтпек?

Бұрын БЖТ төлеген азаматтар қайтпек?

 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұрын Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеген азаматтарға не істеу керектігін түсіндіреді. 

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен, жұмыскерлерді жалдамаған, 2023 жылы табысы 4,1 млн.теңгеден немесе 1175 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін ғана 5 жылға уақытша енгізілді (2019 жылдан 2023 жылға дейін).

БЖТ сомасы Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада 1 АЕК (2023 жылы 3450 теңге) және басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК (2023 жылы 1725 теңге) құрады.

БЖТ сомасы 10% жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік төлемдерді (20% әлеуметтік аударымдар, 30% міндетті зейнетақы жарналары, 40% міндетті медициналық сақтандыруға арналған аударымдар) қамтыды.

Осылайша, БЖТ төлеушілер әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тартылды.

БЖТ қолдану мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды және бұрын БЖТ төлеген азаматтар дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркеліп, ыңғайлы салық салу режимін таңдауы қажет. 

Қай салық режимін таңдау керек? 

«e-Salyq Вusiness» мобилді қосымшасы

Ең қолайлы режимдердің бірі «e-Salyq Вusiness» арнаулы мобилді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимі болып табылады.

Бұл режимнің ыңғайлылығы мынада:

жеке кәсіпкер ретінде тіркелу салық органдарына бармай-ақ, «e-Salyq Вusiness» мобилді қосымшасы арқылы жүргізіледі;

- мобилді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;

- мобилді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының чегін алмастыратын чек беріледі, тиісінше бақылау-касса машинасын сатып алудың қажеті жоқ;

- мобилді қосымша салықты (ставкасы - кірістің 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді;

декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер жоқ;

- мобилді қосымша салық органдарына бармай-ақ, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға мүмкіндік береді;

- мобилді қосымша салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, салық төлеуге, төлемдерді басқаруға (қайтарулар, аударымдар) мүмкіндік береді.

Бұл режимді кірісі 2024 жылы жалдамалы қызметкерлерсіз қызметтің 33 түрінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын 13,0 млн. теңгеден (жылына 3528 АЕК) аспайтын азаматтар қолдана алады (Салық кодексінің 686-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы). 

Тағы қандай оңайлатылған режимдерді қолдануға болады? 

Басқа арнаулы салық режимдерін белгіленген шарттарға сәйкес қолдануға болады, мысалы:

патент – салық ставкасы кірістен 1%, шығыстар есепке алынбайды (патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады);

оңайлатылған декларация – салық ставкасы кірістен 3%, шығыстар есепке алынбайды (есептілік жартыжылдықта 1 рет беріледі)

Әлеуметтік төлемдер 

Аталған режимдерді қолданған кезде әлеуметтік төлемдерді де төлеу қажет екенін есте ұстаған жөн.

Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 2024 жылға 18700 теңгені құрайды. Жеңілдікті санаттағы азаматтар: мүгедектігі бар тұлғалар, ҰОС қатысушылар мен оларға теңестірілгендер, бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар, студенттер.

МАҢЫЗДЫ: Әлеуметтік төлемдер салықтарға жатпайды және кәсіпкердің өз пайдасына төленетін төлемдер болып табылады (міндетті зейнетақы жарналары – ең азы 8500 теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – ең азы 1275 теңге, әлеуметтік аударымдар – ең азы 2975 теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарна – 5950 теңге)

Пәтерді жалға берсеңіз 

Пәтерді жалға беретін азаматтар салықты мына тәсілдердің бірімен төлей алады:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, таңдалған салық режиміне байланысты салық төлейді;

2) жеке кәсіпкерлікті тіркеусіз, жеке табыс салығын 10% ставкамен төлеп,  жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) жылына бір рет тапсырады. Пәтер заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерлерге жалға берілген жағдайда жалға беруші үшін салықты жалға алушы төлейді. 

БЖТ төлеуші, бірақ кәсіпкер емес 

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын азаматтардың назарына

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса (мысалы, үй шаруасындағы әйелдер және басқалары), онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарнаны өзі төлей алады (ай сайын 4250 теңге). Оны банктік қосымшаларда жасауға болады.

Мемлекет ол үшін осындай жарналарды төлейтін жағдайлардан басқа.

МАҢЫЗДЫ: Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарнаны адамдардың 15 санаты үшін, оның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарға, жұмыс істемейтін жүкті әйел, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста жүрген адамдарға, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін бала (балалар) күтімі бойынша демалыста жүрген адамдарға және басқаларға төлейді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.