Бірыңғай жиынтық төлем: осыған дейін оны төлеген азаматтар 2024 жылы не істеуі керек?

Бірыңғай жиынтық төлем: осыған дейін оны төлеген азаматтар 2024 жылы не істеуі керек?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бір жыл ішінде кірісі 4,1 млн. теңгеден (1175 АЕК) аспаған, жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсеткен азаматтар үшін осыған дейін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілген болатын хабарлайды.

БЖТ 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілгенін және оны қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатынын атап өтеміз.

Осыған байланысты, БЖТ төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап дара кәсіпкер болып, тиісті салық режимін таңдауы қажет.

Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы арнаулы салық режим «е-Salyq Вusiness» арнаулы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимі болып табылады.

Бұл режимнің ыңғайлылығы мынада:

– дара кәсіпкер ретінде тіркеу салық органдарына бармай-ақ «е-Salyq Вusiness» арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жүргізіледі;

– мобильді қосымша алынған кірістердің есебін автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді;

– мобильді қосымша арқылы бақылау-касса машинасының (БКМ) чегін алмастыратын мобильді қосымша чегі беріледі, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;

– мобильдік қосымша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салықты (табыстың 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептейді (2023 жылға зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар – 4900 теңге).

– декларация беру бойынша міндеттемелер жоқ.

Пәтерді жалға беретін және БЖТ төлеген тұлғалардың назарына мұндай тұлғалар салықтарды дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз төлей алатынын және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) жылына бір рет тапсыра алатынын хабарлаймыз, салық мөлшерінде табыстың 10% құрайды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.