Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы: мерзімі, қай АЕК-ті қолданамыз, қалай төлейміз?
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне өткен жылға көлік құралдары салығын төлеу мерзімінің жақындағанын еске салады.
2023 жылы Маңғыстау облысында жеке тұлғалар 163 766 көлік құралы бойынша көлік салығын төледі.
Төлеу мерзімі
Жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.
2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.
Көлік салығын өзіңіз қалай есептеуге болады?
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен өз бетінше есептеуге болады.
Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді.
Автокөлік иелеріне қалай хабарланады?
Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылдың наурыз айында «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жолданатын болады.
Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мен «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларында болады.
Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары 2023 жылға есептелген көлік құралдары салығы сомаларын көре алады.
Салық төлеу тәсілдері
Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын жоғарыда көрсетілген мобильді қосымшаларында төлеуге болады.
Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады.
[xfvalue_img]