Астана қаласында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қала аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 15-26 қаңтар аралығында ел аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіп, үй жағдайында қылмыс жасауға бейім тұлғаларды, сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру шараларын жасауда.
ЖПІШ бірінші күнінің қорытындысы бойынша тұрғылықты мекенжай бойынша есепте тұрған 300-ден астам тұлға тексерілді (құқықбұзушыларға шығарылған қорғау нұсқамалары, ерекше талаптар бойынша, өздерінің міндеттерін атқармаған ата-аналар және т.б. ). Әкімшілік жауапкершілікке 160 құқықбұзушы тартылып, оның 75-не қорғау нұсқамалары шығарылып, 13 жанжалқойдың мінез құлқына ерекше талаптар қойылды.
Отбасылық агрессия құрбандарын уақытша оқшаулау және оңалту көмегін көрсететін ұйымдармен тұрақты негізде тиісті жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, пилоттық режимде ODARA жүйесін пайдалана отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалаудың халықаралық құралы енгізілді.
Оның көмегімен ҮЕҰ психологтарын тарта отырып, агрессорлармен жұмыс жүргізіліп, тұрмыстық салада қылмыс жасауға бейім тұлғалар анықталады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай «қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалыптаспаса, заңға енгізілген өзгерістерден аса қайыр болмайды. Біз қоғамды ішінен ірітетін, адамгершілікке жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек.
Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресу керек»-дейді Астана қ. ПД ЖПҚБ бастығы Арман Айтмағамбетов.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]