Елорда аумағында «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Ағымдағы жылдың 14 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және проблемалық мәселелерді зерделеу бойынша әкімшілік учаскеде халықты барынша қамтуға бағытталған «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Учаскелік полицейлер қызмет көрсететін аумақтың криминогендік жағдайын зерделеу үшін үй-жайды, пәтерлерді, саяжайларды, шатырлар мен жертөлелерді аралайды. Жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын орындар қоғамға жат әрекеттер мен қараусыздық фактілерінің алдын алу мақсатында тексеріледі.
Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер бөлімінде есепте тұрған тұлғаларға да қатысты тексеріс жүргізіліп, азаматтық қарудың иелері де қосымша бақылауға алынуда.
Мәселен, «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасында тиісті аумақты айналып өту кезінде Омарова көшесінде учаскелік полиция инспекторлары 20 жастағы қала тұрғынын тоқтатты. Құжаттарды тексергенде ішімдік иісі шығып, медициналық тексеруге жіберілді.
ЖПІШ-сы басталғалы 12720-дан астам тұрғын үй аумағы айналып өтілді, оның ішінде 10230-дан астам пәтер, 2486 жеке үй. Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 2026 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
1920-дан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 70 кәмелетке толмағандар ұсталды, 1140-тан астам азаматтық қару иелері тексерілді.
Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын жедел-профилактикалық іс-шаралардың орындалуына түсіністікпен қарауды сұрап, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырады. Күдікті адамдар туралы ақпарат дереу полицияға «102» арнасы немесе мобильді қосымшасы арқылы хабарлануы тиіс.
Астана қаласы ДП баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
24 пікір