СҚО полицейлері жаңа жылдық мерекенің 3 күнінде 1150-ден астам телефон хабарламасын қабылдады
Солтүстікқазақстандық полицейлер Жаңа жылды тойлаудың үш күніндегі жұмысын қорытындылады. 31 желтоқсанда, 1 және 2 қаңтарда «102» жедел арнасы бойынша 1154 телефон хабарламасы қабылданды. Олардың 369-ы полицияның жедел әрекет етуін талап етті.
Мереке күндерін полиция қызметкерлері барлық шұғыл әрекет ету мамандары сияқты күшейтілген режимде өткізді. Мақсаты - қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және жедел ашу, сондай-ақ ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру. "Нәтижесінде полицияға келіп түскен мыңнан астам хабарламаның 10-ы ұрлыққа қатысты; 3 алаяқтық; 38 - отбасылық жанжал болды. Сондай-ақ, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 26 фактісі тіркелді. Барлық шақырулар бойынша қажетті шаралар қабылданды. Соңғы үш тәулік ішінде солтүстікқазақстандықтар көбінесе полицияға сағат 18-ден түн ортасына дейін және түнгі сағат 1-ден таңғы сағат 4-ге дейін қоңырау шалған", - деп хабарлады Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы полиция майоры Қайырбек Баймөнкенов.
31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші ұсталды.
6 және 7 қаңтар демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында, аудандарда және қала сыртындағы жолдарда және өңірдің автожолдарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, күшейтілген түрде қызмет атқарады.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]