СҚО полицейлері демалыс күндері қалай өткенін айтып берді
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Наурыз мейрамын мерекелеу күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қорытындылады.
Үш демалыс күнінде "102" арнасына 1.100-ден астам телефон хабарламасы келіп түсті. Полицияға телефон қоңырауларының басым бөлігі кешке және түн уақытында келіп түскен: сағат 18-ден 00:00-ге дейін және 00: 00-ден 03:00-ге дейін. Олардың 200-не полицияның жедел әрекеті қажет болды. Ұрлық фактілері бойынша 9, дене жарақаты бойынша 19, отбасылық жанжалдар бойынша 15, сондай - ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері бойынша 12 хабарлама қабылданды.
Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға Ұлттық ұланның 200-ден астам әскери қызметшілері мен полицейлері қатысты. Олар көшелер мен қоғамдық орындарды жаяу және автокөлікпен патрульдеуді жүзеге асырды. Қалалық полиция жедел басқару орталығының қызметкерлері Жеке жоспар бойынша қызмет атқарды. Орталықтың қиылыстарда, көшелер мен алаңдарда орнатылған бейнекамераларын пайдалана отырып, мереке күндері 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 49 – әртүрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу.
Жалпы, мереке күндері облыстағы жағдай тұрақты болып қалды, резонанстық қылмыстар мен оқиғалар тіркелген жоқ.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
13 пікір