Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс
Әр ұлт үшін Тәуелсіздік күні-тарихтың жүздеген беттері мен өз еліне деген шынайы сүйіспеншілігі тоғысатын ерекше мереке. Қазақстан үшін бұл күн 1991 жылдың 16 желтоқсаны болды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға аудандық басқарма мен шекара маңы кеден бекеттерінің басшылары, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиналысты аша отырып, Департамент басшысы Серік Манзоров жыл соңына дейін барлық басқармалар мен бөлімдердің үйлесімді жұмысын атап өтіп, қатысушыларды Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-біздің асыл ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын бейнелейтін ең қасиетті және ұлы мереке. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлдем жаңа тарихты бастады. Біз ұлттың көтерілуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушылар және ізашарлары болдық. Бұл біздің асыл уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің ең дәл атауы. Біз Қазақстанның тәуелсіздігімен бірге өсіп жатырмыз, - деді С.Манзоров.
Салтанатты жиын аясында Департамент қызметкерлері арасынан 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларды естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның ресми бөлігі барысында Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің және аумақтық департаменттердің құттықтау жеделхаттары оқылды.
[xfvalue_img]