Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұлттық валюта - Теңгенің 28 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
Департамент қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, МКД басшысы Серік Бағдатұлы Манзоров "Біздің әрқайсымыз макроэкономикалық саясатты табысты іске асыруға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосатынымызды"атап өтті.
"Мемлекет басшысы бізді мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешудегі алғашқы көмекшілері ретінде көреді. Біздің еліміздің табысы, қол жеткізген нәтижелері – біздің Президенттің және де әрине, сіздердей күнделікті еңбегімен экономиканы алға жылжытатын мамандарымыздың еңбегі.
Мемлекеттік кірістер органдарының алдында өзінің тиімділігін арттыру, цифрландыру, бюджетті толтыру және шығыстарды оңтайландыру бойынша маңызды міндеттер тұр!
Менің ойымша, біз Сіздермен бірге осы мәселелерде сапалы әрі айтарлықтай ілгерілей аламыз", - деп атап өтті өз құттықтауында С.Манзоров.
Департаментің үздік қызметкерлеріне Ұлттық валютаның мерейтойына орай Құрмет грамоталары, сондай-ақ "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгілері табыс етілді.
1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты, ал сол жылдың 15 қарашасында теңге айналымға кірді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми күні және Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.
[xfvalue_img]