Қазақстандағы ZEEKR электрмобильдерінің ресми дистрибьюторы алдын ала тапсырыстар қабылдауының басталуын хабарлайды
Қазақстанның жетекші авторитейлерінің бірі және ZEEKR ресми дистрибьюторы Orbis Auto автомобиль тобы бренд электрмобильдеріне алдын ала тапсырыс қабылдана бастағанын хабарлайды. Алдын ала екі модельге тапсырыс беруге болады: ZEEKR 001 бірегей шутинг-брейкі және ZEEKR X спорттық кроссовері. Қос модель екі жиынтықта ұсынылған. ZEEKR-дің Қазақстанға алғашқы ресми жеткізілімдері биыл желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Premium жиынтығындағы ZEEKR 001 бағасы 28 650 000 теңгені, Flagship жиынтығында – 31 600 000 теңгені құрайды. Premium жиынтығындағы ZEEKR X моделі – 18 500 000 теңге, Flagship жиынтығы 20 250 000 теңге тұрады.
Бұл ретте алдын ала тапсырыс беру кезеңінде ресми дистрибьютор сатып алуға арнайы шарттар жариялады. Алдын ала тапсырыстар басталған сәттен бастап бірінші 100 клиенттерге ZEEKR 001 моделіне 600 000 теңге мөлшерінде арнайы шарт қолданылады. Осылайша, Premium жиынтығындағы ZEEKR 001 – 28 050 000 теңгені, Flagship жиынтығында – 31 000 000 теңгені құрайды. ZEEKR X моделіне алдын ала тапсырыс беру кезінде сатып алуға арналған арнайы шарт 300 000 теңгені құрайды. Арнайы бағалар кезеңінде электр кроссоверін 18 200 000 теңгеге (Premium жиынтық) және 19 950 000 теңгеге (Flagship жиынтық үшін) сатып алуға болады.
Қазақстандағы ZEEKR ресми дистрибьюторының директоры Евгений Беляковтың айтуынша, брендтің электрмобильдерін ресми дилерден сатып алған кезде қазақстандық сатып алушылар бірегей кепілдік шарттарын алады – ZEEKR электрмобиліне 5 жыл немесе 100 000 км және батареяға 8 жыл немесе 200 000 км.
"Біз ZEEKR ресми дистрибьюторы ретінде қазақстандық нарыққа сапалы электрмобильдерді қолайлы бағада және өндірушіден ресми кепілдікпен жеткізетін боламыз. Қазақстанға жеткізілетін ZEEKR барлық ресми электрмобильдеріне зауытта орыс тілінде ыңғайлы және интуитивті интерфейс орнатылғанын, олар белсенді және пассив қауіпсіздікті бағалаумен (Euro NCAP) тәуелсіз краш-тесттер жүргізу жөніндегі еуропалық комитеттің 5 жұлдызды қауіпсіздік стандарттарына сәйкес өндірілетінін атап өту маңызды", - деді Евгений Беляков.
Ол Қазақстанға ресми түрде жеткізілетін ZEEKR электрмобильдерінің көлік құралының типін мақұлдау сертификаты (КҚТМС) бар екенін және «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» ҚР 018/2011 техрегламентінің талаптарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Автокөлікке қосымша қауіпсіздік жастығы орнатылған, ал локализацияға жүргізілген жол сынақтары, қосылу және төзімділік сынақтары ZEEKR-дың барлық функциясы Қазақстанның кез келген жол және климаттық жағдайларында тұрақты қолжетімді болатынын растайды.
Ресми дистрибьютордың айтуынша, Қазақстанға ресми түрде жеткізілетін барлық ZEEKR электрмобильдері еуропалық Тype 2 зарядтау қосқышымен жабдықталған. Қуаттылығы 22 кВт зарядты қолдайтын айнымалы тоқ порттарының арқасында көлікті қуаттылығы 7 кВт заряд электрмобильге қарағанда үш есе жылдам зарядтауға болады, атап айтқанда, мұндай көліктер негізінен ҚР-ға параллель импорт арқылы келеді.
ZEEKR электрмобильдеріне алдын-ала тапсырыс беру 8 қарашадан бастап https://zeekrglobal.com/kz/ ресми сайтында онлайн-конфигуратор арқылы жүзеге асырылады. Сілтеме бойынша өткеннен кейін сатып алушы өзінің болашақ көлігінің жиынтығын таңдап, ресми дилер онымен байланысатын контактілерді қалдыруы керек.
Сонымен қатар, Orbis Auto Қазақстан бойынша ZEEKR ресми дилерлік желісін дамытуды жоспарлап отыр. Ресми дистрибьютор 2024 жылдың соңына дейін ҚР сегіз қаласында фирмалық сату және сервистік қызмет көрсету нүктелерін ашуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл ретте алғашқы сату нүктелерінің ашылуы биылғы жылдың соңына дейін Алматы, Астана, Қарағанды және Қостанайда өтеді.
Orbis Auto сонымен қатар елдегі электрмен зарядтау станциялары желісін дамытуды көздеп отыр, қазіргі уақытта жоба тұжырымдамасы әзірленуде. Бастапқы кезеңде ресми дистрибьютордың барлық сату орындарында ЭЗС орнату жоспарлануда. Бұл ретте, электрмобиль иелері үйде пайдалану үшін түпнұсқа ZEEKR зарядтарын сатып ала алады.
[xfvalue_img]