Қазақстанда Nissan мен INFINITI-дің ресми өкілдіктері ашылады

Қазақстанда Nissan мен INFINITI-дің ресми өкілдіктері ашылады

 Алматыда Nissan және INFINITI жапондық брендтерінің ресми өкілдіктері ашылады. Олар импортпен, дистрибуция, сату және маркетингпен айналысатын болады, сондай-ақ Қазақстанда Nissan және INFINITI брендтерінің дилерлік желілерінің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етеді. Біздің елімізде жапондық өндірушілерді ресми түрде ұсыну құқығын Orbis Auto автомобиль тобы алды. Тиісті келісімдерге Алматыда Nissan Motor Co., LTD және Orbis Auto еншілес компаниялары Eurasia Motor Company ЖШС және Exclusive Auto Kazakhstan ЖШС өкілдері қол қойды. 

Nissan Middle East FZC өкілдері атап өткендей, енді Қазақстан 14 елді қамтитын Nissan Middle East FZC аймағының құрамына кірді. Бұл ретте қазақстандық нарық жапондық өндірушілер үшін аса маңызды болып табылады. «Біз Қазақстанды Nissan Middle East FZE аймағының негізгі елдерінің бірі ретінде атап өтеміз. Енді біз осы өңірдегі дамуымыз үшін сенімді серіктес таптық. Orbis Auto-мен серіктестікте біз өз күш-жігерімізді Қазақстандағы Nissan және INFINITI брендтерінің позицияларын нығайтуға жұмылдырамыз және тұтынушыларымызға жан-жақты қолдау көрсетеміз»,-деп айтты Nissan компаниясының Африка, Таяу Шығыс, Үндістан және Океаниядағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры Бадер Эль-Хуссами. 

ҚР-дағы Nissan және INFINITI ресми өкілдіктерінің қызметі жан-жақты сипатта болады. Бұл, атап айтқанда, дайын автомобильдер мен қосалқы бөлшектерді импорттау, логистиканы, кедендік тазалауды және қойманы күтіп ұстауды қоса алғанда, ресми жеткізілім шеңберінде барлық қажетті операцияларды орындау, сондай-ақ дилерлерге көтерме сатуды жүзеге асыру сияқты қызметтер. Өкілдіктер Қазақстан аумағындағы екі брендтің әрқайсысы бойынша маркетингтік саясатты айқындап, сатудан кейінгі қызмет көрсету шеңберінде сатылған автомобильдерге техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. 

Осылайша, Nissan Motor Co., LTD атап өткендей, белгілі бір үзілістен кейін Nissan және Infiniti автомобильдерін Қазақстанға ресми жеткізу қайта басталады. Енді екі марканын да көліктері ҚР-ға Жапония, Еуропа және АҚШ зауыттарынан тікелей жеткізілетін болады. Бұл ретте қазақстандық нарық үшін модельдік қатар айтарлықтай жаңартылып, кеңейтілетін болады – неғұрлым заманауи және технологиялық модельдер пайда болады. 

Nissan дистрибьюциясының Қазақстандағы басшысы Алексей Доляның айтуынша, енді Orbis Auto Қазақстандағы Nissan және INFINITI ресми өкілдіктерін басқаратын болады. Ресми өкілдіктердің жоспарында модельдік қатарды жаңарту және кеңейту ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы Nissan және INFINITI брендтерінің дилерлік желісін қалпына келтіру, сондай-ақ оны одан әрі дамыту да бар. 

«Біз Nissan және INFINITI брендтеріне сенеміз. Қазақстандықтар көптеген жылдар бойы осы автокөліктерді сапасы мен сенімділігі үшін бағалай отырып, автокөлшік таңдау кезінде оларға артықшылық береді. Irbis Auto тобы осы маркалардың ресми дистрибьюторы мәртебесін алу үшін үлкен жұмыс атқарды. Біз үшін қазақстандық тұтынушыға сапалы және қолжетімді автомобильдердің алуан түрін ұсыну маңызды. Сондықтан Orbis Auto Қазақстандағы екі брендтің де позициясын нығайтуға бағытталған дилерлік орталықтар желісіне қомақты инвестицияларды жүзеге асыруға ниетті», – дейді Алексей Доля

Nissan дистрибьюциясының Қазақстандағы басшысы келісімдерге қол қойылғаннан кейінгі келесі қадам Қазақстан нарығы үшін Nissan және INFINITI модельдік қатарын өндірушілермен келісу және оны сертификаттау болатынын айтты. Бұл біраз уақытты алады. Жаңа INFINITI автокөліктерінің ағымдағы қоры клиенттердің ҚР-дағы сұранысын 2024 жылдың екінші тоқсанында автомобильдердің ресми жеткізілімдерін күтілетін санына дейін қанағаттандыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. 

Бұдан басқа, Orbis Auto жақын арада ҚР аумағында қосалқы бөлшектер мен аксессуарлардың жеке орталық қоймасын ашуды жоспарлауда. Мұндай қойманың болуы жөндеу мерзімі мен күту уақытының айтарлықтай қысқаруын білдіреді. Бұл қызмет көрсету деңгейіне оң әсер етіп, Nissan мен INFINITI дилерлерінің жұмысына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін жақсартады. 

Екі марканың да автокөліктерін сату дилерлік желі арқылы жүзеге асырылады. Nissan дистрибьюциясының Қазақстандағы басшысы Алексей Доляның айтуынша, бүгінгі таңда ресми өкілдіктің негізгі басым міндеттерінің бірі дәл осы дилерлік желіні дамыту және жетілдіру болып табылады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.