Жаңа Porsche Cayenne Қазақстанда
Қазақстан Республикасы. Алматы. Porsche-нің Orbis Auto автокөлік тобы құрылымына кіретін Қазақстандағы ресми импорттаушысы жаңа Cayenne-ді таныстырды. Кроссовердің көптен күткен моделі ҚР нарығына төрт нұсқада жеткізілді – базалық, Cayenne E-Hybrid, Cayenne S және Turbo GT.
Кеңейтілген стандартты жарақтандыруы бар жаңа Cayenne Қазақстанда 119 мың еуродан басталатын бағаға сатылады. Айта кетейік, Cayenne стандартты жабдықтары мынадай артықшылықтарымен айтарлықтай кеңейіп отыр: матрицалық жарықдиодты фаралар, Porsche Active Suspension Management аспалы басқару жүйесі, 20 дюймдік дөңгелектері, артқы камерасы бар алдыңғы және артқы тұраққа көмек көрсету жүйесі және смартфон қуаттайтын 15 Вт-қа дейінгі индукциялық тірек. Cayenne Cayenne E-Hybrid құны € 135,000 басталады, Cayenne S – € 148 000 басталады, ал Cayenne Turbo GT – € 257 000 басталады.
«Жаңа Cayenne әлем жұрты асыға күткен кроссовер деп айтуға лайық, оны әсіресе жайлылық пен жылдамдыққа мән беретіндер күтті. Cayenne-нің үшінші буыны Porsche тарихындағы ең ірі жаңаруларының бірі саналады. Кереметтей кроссовер кез келген жол бедерінде тиімді бола түсті. Cayenne-ді кез келген, тіпті ең қиын әрі экстремалды жағдайларда жүргізудің теңдесі жоқ. Қазақстан Porsche компаниясы үшін стратегиялық тұрғыда маңызды нарық екенін атап өтуіміз керек. Мұнда бренд коронавирус пандемиясындағы құлдыраудан кейін қарқынды өсімге қол жеткізді. Елде компания сатылымы қалпына келіп қана қоймай, рекордтық деңгейге жетіп отыр. 2023 жыл біздің алдымыздан ашылып отырған әлеуетті көре отырып, қанаттанамыз», – деп атап өтті Porsche-нің Қазақстандағы ресми импорттаушысының директоры Гауһар Ғабдрахымова.
Porsche-нің ҚР-дағы ресми импорттаушысы ел нарығында брендтің даму бағытын ұстанып, 2023 жылдың 6 айында клиенттеріне (1 қаңтар мен 30 маусым аралығы) 145 автокөлік өткізді (плюс 125%), осыған ұқсас былтырғы көрсеткіште 65 автокөлік өткізілген еді. Бұл ретте Cayenne сатылымының мұндай көрсеткіштері Қазақстандағы модельге тұрақты жоғары сұранысты айғақтап отыр. Биылғы алты айда осы модельдің 77 данасы сатылды, тиісінше, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда сатылымның 85 пайызға өсіміне куә болдық. Гауһар Ғабдрахымованың айтуынша, ресми импорттаушы осы жылдың соңына дейін Cayenne үшінші буынының 220 данасын сатуды жоспарлап отыр.
[xfvalue_img]
15 пікір