СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 10 айда 224 есірткі құқық бұзушылығын анықтап, жолын кесті. Есірткіні өткізу фактілерін тіркеу саны артты – мұндай 91 дерек тіркелді. Бұл есірткі заттарын таратумен күрес бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі. Өткен жылдың осы кезеңінде есірткі өткізудің 69 дерегі анықталды.
Ұсталған есірткі жасырушылардың жартысына жуығы – 25 жасқа дейінгі жастар. Олардың синтетикалық есірткілерді таратумен айналысатын интернет-дүкендерде жұмыс істеуінің орташа мерзімі – 2-3 ай. Есірткі таратуды ойластыратын қаскөйлер қашықтықта отырып арам ойларын іске асыру үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жаңа орындаушыларды іздейді. Адамдардың осындай бизнеске кіріп кетуін болдырмау үшін тәртіп сақшылары белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізіп тұрады. Басты назарда – өскелең ұрпақ. Полицейлер 10 айда 598 профилактикалық іс-шара өткізді. Жедел уәкілдердің негізгі аудиториясы білім ошақтарында оқып жүрген жасөспірімдер, жазғы лагерьлердегі оқушылар, мектеп және аула клубтарындағы балалар болды.
«Солтүстікқазақстандықтарды есірткімен күресте белсенді болуға шықарымыз, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – Әр адам есірткі құқық бұзушылығын байқаған жағдайда бірден полицияға хабарлай алады. Бұл үшін заманауи байланыс құралдары бар. «102» арнасы ғана емес, біздің бөліністің танымал әлеуметтік желілердегі аккаунтарына да жазуға болады. Биылғы күзден t.me/sko_narkohelp_bot деп аталатын телеграмм-бот жұмыс істей бастады. 12 қазаннан бастап өңір тұрғындарынан 7 хабарлама келіп түсті. Олар интернет кеңістігінде есірткі курьерлерін жұмысқа қабылдауға қатысты хабарландырулармен байланысты болды. Барлық фактілер расталды, бұғаттау үшін ҚР ішкі істер министрлігіне жіберілді. Айта кету қажет, есірткі өткізуде күдікті адамдарды ұстауға көмектесетін хабарламалар үшін министрлікпен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы қарастырылған».
Жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 735,561 кг. есірткі заттарын тәркілеп алды. Бұның ішінде облыстағы соңғы 10 жылда тәркіленген ең ірі партия болып саналатын 464 кг. марихуана да бар. Барлығы 711 кг. марихуана, 21 кг. гашиш, 2,313 кг. синтетикалық психобелсенді заттар тәркіленді. Сондай-ақ облыс аумағында екі фитолабораторияның жұмысы тоқтатылды. Есірткі жарнамалаумен айналысқан 7 күдікті ұсталды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]