Инвесторларға құқықтық көмек көрсету туралы
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда.
Осыған байланысты прокуратура мүдделі органдармен бірлесіп фронт-офистер мен мобильді топтар құрып, инвесторлардың проблемаларын шешудің жеделдігін және әкімшілік кедергілерді алып тастауды қамтамасыз етуде.
Бүгінгі таңда прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны зерделеуде.
Сонымен қатар, 27 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді.
Мысалы, “Шарцем” сингапурлық компаниясы Абай облысындағы цемент зауытын сатып алып, оны дамытуға 24 млрд теңге қаржы салған.
Алайда, 2 жыл өткеннен кейін белгілі бір жеке кәсіпкердің талабы бойынша сот зауытты сатып алу туралы келісім-шартты жарамсыз деп таныған.
Бұл жағдай зауытты модернизациялауды тоқтатуға және инвестордың кетуіне әкелер еді. Прокуратураның наразылығы бойынша мәселе толық шешілді.
Петропавлда прокурорлардың араласуынан кейін инвестор рұқсат құжаттарын алып, көпфункционалды аурухананың құрылысын бастады.
Ал, Павлодар облысының прокурорлары сүт өнімдері мен кальцийленген сода өндіретін зауыттар салынған шетелдік инвесторлардан жер учаскелерін заңсыз алуға жол бермеді.
Бұдан басқа, Ақмола облысында заманауи агроөнеркәсіптік кешен салуға ниеттенген испандық инвестордың жобасын прокурорлар барлық кезеңдерде сүйемелдеп, іске асыруға көмекстескен.
Нәтижесінде 400-ден астам ауыл тұрғыны үшін жаңа жұмыс орындарының ашылу мүмкіндік пайда болды.
Инвесторлар нақты құқықтық көмек алып, өз жобаларын сәтті жүзеге асырған басқа да мысалдар аз емес.
Жалпы, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Арнайы ведомствоаралық комиссиямен бірінші кезекте шешілуі қажет шаралар әзірленді.
Оның жұмысы аясында цифрлық шешімдер қолданылып, ірі инвесторлармен, заң және консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізілуде.
Негізгі мақсат - әрбір инвестор үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнестің қауіпсіздік кепілдігін арттыру.
Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
42 пікір