Жамбылдық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
2021 жылғы 9 тамызда "Қарасора-2021" республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Шу-Қордай" көлік жолында "Ауди"маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Қордай ауылының үш тұрғынының көлігін тінту барысында полицейлер «ТЕЯ» атты қызметтік иттің көмегімен жалпы салмағы 16 келі 550 грамм «марихуана» есірткі заты салынған 2 қапты тапты.
Сондай-ақ сол күні "Шу-Қордай" автокөлік жолында полиция қызметкерлері "Тойота" маркалы көлігін тоқтатты, Тараз қаласы тұрғындарының көлігін тінту барысында жалпы салмағы 206 грамнан асатын "гашиш" есірткі заты салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
"Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.
Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
[xfvalue_img]
7 пікір