Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 274 петропавлдық жауапқа тартылды
Қоғамдық орындарда темекі шегу мәселесі өзектілігін жоғалтпайды. Жыл басынан бері Петропавлда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 274 адам жауапкершілікке тартылды. Өткен жылдың осы кезеңінде осындай 299 бұзушылық анықталып, айтарлықтай төмендеу байқалмаған.
Полицейлер заңнамамен темекі өнімдерін, темекіні жылытуға арналған жүйелерді және бірқатар қоғамдық орындарда электрондық жүйелерін тұтынуға, пайдалануға тыйым салынғандығы жайында еске салады. Оларға білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен іргелес аумақтары, медициналық мекемелер, мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық-мәдени объектілер, түнгі клубтар, көппәтерлі үйлердің подездері жатады. Қоғамдық көлікте, егер де жеке көліктің салоны ішінде кәмелетке толмаған балар болса темекі шегуге болмайды. Темекі шегу сондай-ақ, вокзал ғимараттары мен жабық аялдамаларда, өрт қаупімен байланысты жанармай құю станцияларының аумағында тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындардың тізімімен ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-бабынан толық танысуға болады.
"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары подездерде, жанармай құю станцияларында және стадиондарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін жиі бұзады, — деп атап өтті Петропавл қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ахмагамбетов. — Полиция қызметкерлері мұндай фактілерді адамдармен күнделікті жұмыс барысында, бейнебақылау камералары арқылы, кейде тұрғындардың хабарлауы бойынша анықталып жатады. Айта ету керек, көбінесе темекі шегушілер қоқыс шәшіктерін елемей, мәдени деңгейдің төмендігін көрсетіп тұрады. Жыл басынан бері ҚР әкімшілк құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 956 адам жаупқа тартылды. Олардың басым бөлігі көшелерге темекі тұқылын лақтырып кетеін адамдар. Сондықтан да, барша тұрғындардан заңнаманың талаптарын сақтауды және айналасындағыларға қарапайым құрмет көрсетуді сұраймыз".
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/biyl-petropavlda-qoghamdyq-oryndarda-temeki-shekken-274-azamat-zhazalandy/
[xfvalue_img]