Таразда екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Тараз қаласында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 13-19 қазан аралығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ профилактикалық есепке алу шараларын сақтау мақсатында Тараз қаласының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғаны үшін 35 құқық бұзушы, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс болғаны үшін – 36, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
10 адам қоғамдық орындарда бөгде адамдарға тиіскені, 2 адам тыныштықты бұзғаны, 3 адам қоғамдық орындарда темекі шеккені, 3 адам санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны, 3 адам алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көңіл көтеру орындарының 4 қожайыны кәмелетке толмаған жасөспірімдердің олардың мекемелерінде болуына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 157 адам тексерілді.
[xfvalue_img]