Антикор эмиссия үшін заңсыз салық төлемдерінің алдын алды
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет IV санаттағы операторлардың қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемдерге мониторинг жүргізді.
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік кіріс органдары эмиссия үшін төлемдерді есептемегені анықталды, алайда IV санаттағы объектілердің операторлары МКД тарапынан алдын ала ескертусіз эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияның 870 нысанын пайдалана отырып, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемді дербес енгізді.
Мониторинг нәтижесінде 31 салық төлеуші анықталды, олар өздерінің салық есептілігінде 870.00 нысаны бойынша IV санаттағы операторлар болып табылатынын және стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын жүзеге асырғанын көрсетті. Жалпы есептелген сома 389 789 теңгені құрады.
Бүгінгі таңда елорданың аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге декларацияны қайтарып алу және қаражатты қайтару қажеттілігі туралы хаттар жолдады.
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдердің қайтадан дербес өндірілуіне жол бермеу мақсатында барлық төлеушілер бойынша түсіндірме сипаттағы хаттарды жолдау бойынша жұмыс жүргізілді.
[xfvalue_img]
1 пікір