Грантқа түсіруге уәде еткен Тараз тұрғыны ұсталды
2023 жылдың 11 тамызында Тараз қаласының Полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны шағымданды. Әйел шағымында осы жылдың 28 шілдесінде ұлының Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 000 теңге бергенін хабарлады.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасуда.
[xfvalue_img]
19 пікір